микроәлемде болып жататын үдерістерді сипаттау мүмкін емес.
Корпускулярлық-толқындық дуализм тұжырымдамасын ары қарай
тереңдете түскен В.Гейзенберг (белгісіздік арақатынасы) және Н.Бор
(қосымшалық қағидасы) болды.
В.Гейзенберг мынадай қорытындыға келеді: егер біз кез келген жай
бөлшектердің қозғалысын зерттемек болсақ, онда біз оны механиканың
айқын (классикалық) заңдары негізінде жүзеге асыра алмаймыз. Меха-
ника заңдарына сәйкес, егер біз дененің координаттары мен импульсін
білсек, онда біз келесі мезетте болатын болжалды орны мен уақытын
шамамен айта аламыз. Бірақ жай бөлшектің координаты мен импульсін
бір мезгілде анықтай қойғымыз келсе, онда шешімі жоқ мәселеге тап
боламыз. Егер біз жай бөлшектің координатын анықтасақ, онда оның
импульсі белгісіз болып қалады, ал егер импульсті анықтасақ, онда ко-
ординатты жоғалтамыз. В.Гейзербергтің ойынша, бір мезгілде жай
бөлшектің координаттарын да, импульсін де анықтау мүмкін емес.
369
Тәжірибе жасау барысында жай бөлшектің орны анықталса, сол бойда
оның қозғалысы бұзылады да, ол ғайып болады.
Механика заңдары тұрғысынан алғанда, бұл жағдай ақылға
қонымсыз болып көрінеді. Бірақ бұл жерде мына жағдай ескерілмеген:
Достарыңызбен бөлісу: |