362
лып саналады. Әлемнің ондай бейнесі кейіннен Платонның «идеялар
әлемінен» бастап, ортағасырлық ойшылдардың теологиялық доктри-
наларына дейін, философияның кейінгі дамуына зор ықпал етті.
Ертедегі гректердің табиғи-философиялық идеяларын қарай оты-
рып, ой алыбы Демокритті айналып өту мүмкін емес. Оның ойынша,
әлемнің негізінде адамның көзіне көрінбейтін сансыз ұсақ бөлшектер –
атомдар жатыр. Әлемде атомдардан және бос кеңістіктерден басқа
ештеңе жоқ. Бос кеңістікке құлай отырып, атомдар бір-бірлерімен
ұстасып, табиғат денесін құрайды. Олай болса, әлемде барлығы
да қажеттіліктер бойынша іске асады, ешқандай да ерік еркіндігі
жоқ, барлығы да атомдардың қозғалысына бағынған. Оның әлемді
түсінудегі атомдық тұжырымдамасы – ғалымдар XX ғасырдың басына
дейін басшылыққа алып келген үлгі болды.
Ұлы Платон ғылымға өз «идеялар әлемін» енгізді. Шынайы әлем
идеялардың ең бір жетілген әлемі болғандықтан, оның ешқандай
материалдық қоспалары жоқ. Ал біздің әлеміміз идеялар әлемінің
солғын көшірмесі ғана, өйткені Демиург – Құдай-ұста идеялар
әлемінің үлгілері бойынша инертті материядан табиғат заттарын
қалыптастырады. Жаратылған нәрсе қашанда Жаратушы деңгейіне, ал
көшірме тұпнұсқаға жете бермейді. Сөйтіп, екі әлем өмір сүретін бо-
лып шықты: дара, мәңгі, үйлесімге, әсемдікке, тәртіпке толы идеялар
әлемі, сонымен бірге жетілмеген, өтпелі, қашанда әлдебір өзгерістер
болып жататын, әлденелер жоғалып, бірдеңелер пайда болып жататын
материалдық әлем...
Әлемнің платондық бейнесі ғылымның, бәрінен бұрын, филосо-
фияның кейінгі дамуына үлкен ықпал етті. Ойшылдың ұлылығы оның
алғаш рет әлемдік философияда аса маңызды: түсініктер (идеялар)
Достарыңызбен бөлісу: