«Homo Aesteticus» та адамның маңызды анықтамасы болып табы-
лады. Қапырық ыстық күндердің бірінде батып бара жатқан Күн аса
үлкен және қызыл күрең жарты аспанға айналады. Бұл ешбір адамды
жайбарақат қалдыра алмайды. Ал кез келген жануар бұны байқай ал-
майды. Адам әсемдікке таңданғаннан шабыттана отырып, Табиғаттың
ұлылығы туралы тұтас поэма жазып тастауы мүмкін. Сонымен, адам –
әсемдікке ұмтылған тіршілік иесі.
Голландиялық философ И.Хейзинга адамды «Homo Ludens» –
ойын ойнайтын адам деп айқындады. Өлім халінде жатып та, адам
«өлетін адамның» рөлін ойнайды. Ойын арқылы ғана жануарлардың
төлдерінің ырықсыз сезімдері оянады, ересек жануарлар ойын ойна-
майды. Ал адам өмірінің ақырына дейін әртүрлі рөлдерді ойнайды.
Достарыңызбен бөлісу: |