тайпаға жетуді, секіруді қисынды түрде қайта құру болып табыла-
ды, өйткені оны көптеген мыңжылдықтар бойындағы «тарих шаңы»
басқан. Кезінде Ф.Энгельс гносеологиялық тұжырымдаманы, яғни
мәні мыңжылдықтар бойы адамдардың жинақталған тәжірибелерді
қорыта келе, қандас-туыс адамдардың арасындағы жыныстық
байланыстың әлсіз, кемтар балалардың дүниеге келуіне әкеліп
соқтыратынын байқағанында жатқан тұжырымдаманы алға тартты.
Соны санамен түйсінген кезден қанның араласуына тыйым салынып,
үйір ру-тайпаға айналып өмір сүре бастады. З.Фрейдтің «әкені өлтіру»
тұжырымдамасымен бірге, терең қарастыра келгенде, «тотем» және
«тыйым» бұл мәселені гносеологиялық түсінуге жақын, өйткені:
«Біз қайдан пайда болдық?» – деген сұрақтың тууын, сондай-ақ аға-
қарындастар арасындағы туыстық қатынастарды табуды қажет етеді.
Біздің көзқарасымыз бойынша, шындыққа «бейбіт өмір қажеттігі»
тұжырымдамасы жақын, оның үстіне, ол бірқатар фактілерге
негізделген. Археологтар алғашқы тұрғын-жайлардың орнынан бір
мәнермен өлтірілген адамдардың бас сүйегін тапқан. Сол заманның
адамдары құрбанының ту сыртынан жасырынып келіп, шүйдесінен
өткір таспен ұрып өлтіретін болған. Зерттеулер ол бас сүйектерінің
барлығы да еркектердікі екенін көрсеткен. Әйелдерді иемдену үшін,
еркектер бір-бірлерін өлтірген деген болжам жасалған. Еркектер аң ау-
лаушылар болғандықтан, олардың санының азаюы үйірдің өзінің өмір
сүруді жалғастыруына қауіп төндіреді. Сол кезде қанның араласуына
тыйым салынған.
Тарихи фактілерге сүйене отырып, біз адам мен қоғамның пайда
болуын ойша қайта құрып шығуға тырыстық. Әлбетте, бұл жерде әлі
танылмаған нәрсе көп. Көптеген ауыспалы формалар әлі де табылған
жоқ. Солай болғанмен, жүргізілген талдаудың өміршеңдігіне сенгіміз
келеді.
391
Адамның сана-сезімі пайда болған уақыттан бастап, ол өзін
қоршаған ортаға қарсы қойып келді, ол өзіне: «адам деген кім? Оның
Достарыңызбен бөлісу: |