өмірінің мәні қайдан шықты және неде?» – деген қасиетті сұрақ
қойды. Ұлы Сократ өзінің Ғаламнан шыққанын айтты. Адам, – осы
әлемдегі басқалары сияқты, тәні бар тіршілік иесі, бірақ оған қоса, ол
рух болып табылады, оның мазасыздыққа, мақсат-ниеттерге, қуаныш
пен күйзеліске, шабыт пен шығармашылыққа толы ішкі ғаламы
бар. Егер оны осы қырынан алып қарасақ, онда ол және қалған әлем
арасындағы айырмашылық шексіздікке кетеді. Сондықтан да кез кел-
ген дін әлі күнге дейін адамды Құдайдың жаратқаны туралы қағиданы
ұстанумен келеді.
Философия адам мәселесін негізгі мәселе ретінде қарайды. Бүгінгі
күні гуманитарлық пәндердің өкілдері ғана емес, сонымен бірге жара-
тылыстанушылар да 13,7 миллиард жыл бұрын жаратылған Ғаламның:
есепсіз көп кездейсоқтықтардың шиеленісуі арқылы өмірді, содан
кейін биік гүл – санаға ие адамды туғызуға тиіс болған «Үлкен жары-
лыс» нәтижесінде орнағаны туралы «антроптық қағиданы» ұстанады.
Ғасырлар бойы ойшылдар адамға әртүрлі анықтамалар беріп келді.
Оның ішінде ең көп тарағаны – «Homo Sapiens», яғни адам ақыл-
парасатқа ие. Ол туралы біз кітабымыздың беттерінде көп айттық.
Америка конституциясы әкелерінің бірі Б.Франклин адамға «Homo
Faber» – құрал жасаушы адам деп анықтама берген. Іс жүзінде адам
ғана еңбек құралдарын жасайды және оны жүйелі түрде пайдаланады.
Мысалы, маймыл құрғақ бұтақты немесе тасты ұстап, соны пайдала-
на алады. Бірақ содан кейін оларды лақтырады. Бірде-бір маймылдың
қолы бірде-бір еңбек құралын жасаған емес. Ф.Энгельстің бұл белгілі
ойы әбден әділетті: құралды адам ғана жасай алады.
Кезінде Аристотель адамды «Zoon Politicon», яғни саяси немесе
қоғамдық жануар деп анықтаған. Бұл да елеулі маңызы бар анықтама
болып табылады, өйткені адам дербес жан сақтап, тірі қала алмайды.
Алғашқы қауымдық қоғамда оны «өткір тасқа іліктіру», яғни тайпадан
қуып жіберу – ең бір қорқынышты жаза болған. Жеке-дара өмір сүруді
білмеген ол жыртқыш аңдардың құрбанына айналатын.
Ұлы И.Кант ішкі адамгершілік заңға таңданып, адамды «Homo
Morales» – адамгершілікті тіршілік иесі деп санаған, адамның бұл
қасиетін ұлы ақын Абай «нұр сәулелі жүрек» деп бағаласа, Шәкәрім
оны «үш шындықтың» біріне жатқызады. Австриялық ғалым В.Франкл
Құдайды Ғаламнан іздемеу керектігін немесе соңынан жүрудің
392
қажетсіздігін, Оның адамның жүрегінде екенін айтады. Құдай – ол
адамның ар-ожданы.
Достарыңызбен бөлісу: |