ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет42/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   440
нан және «жеті данышпан» деп аталатындардың нақылынан бастау 

алады.


Соңғыларға  таңылатын  саны  көп  нақылдардың  қатарына  төмен-

дегілерді жатқызуға болады. «Не қиын?» деген сұраққа Фалес: «Өзіңді 

тану»,  –  деп  жауап  берді.  Ал  «Не  оңай?»  дегенге  ол:  «Басқаға  ақыл 

үйрету»,  –  деген  жауап  қайтарды.  Ал:  «Ең  жақсы  және  дұрыс  өмірді 

қалай сүруге болады?» – деген сұраққа оның жауабы: «Егер басқаларға 

кінә етіп артатын нәрселерді өзіміз істемесек...» – болған екен.

Хикаялар бойынша Фалес: «Бақытты адам – ол тәні сау, табиғаты 

бай, жаны ізгілікті адам; ата-анаңа қандай жарна салсаң, балаларыңнан 

сондайды  өндіріп  ал;  сырт  келбетіңді  көрсетіп,  мақтан  етпе,  жақсы 

істеріңмен  көрін;  арам  жолмен  байлық  жинама;  пікірдің  ақылға 

қонымдылығын көпсөзділік дәлелдемейді», – дегендерді айтқан.

Әдебиетте Ежелгі Грекиядағы ғылым бастауларының пайда болуы 

б.з.д. VI-V ғасырларға – аталған өркениеттің гүлдене дамуы кезеңіне 

жатқызылады. Сонымен қатар VIII-VI ғасырларда Ежелгі Грекия сол 

кездердегі  Шығыс  елдеріне  өте  ұқсас  болған.  Он  жерде  сондай-ақ 

бай жер иеленушілер өмір сүрген, ал барлық билік аристократияның 

қолына шоғырланған. Ал қарапайым халықты айтсақ, оның халі тым 

мүшкіл  еді:  көпшіліктері  ірі  жер  иеленушілерге  қарыздар  болудан 

көз ашпайтын.

Алайда билік басына солон патша келген соң, жағдай күрт өзгерді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет