ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет43/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   440
Ол  б.з.д.  594  жылы  жер  аристократиясынан  зорлық-зомбылық  көр-

ген  жұртшылықты  қорғауға  бағытталған  ірі  реформалар  жаса-

ды.  борыштық  құлдыққа  тап  болғандарды  азат  етті.  Аса  ауыр 

қылмыстарды  қарау  барысында  тиісті  шешімдер  шығарылған  кез-

де,  соттардың  ісіне  қарапайым  азаматтар  тартыла  бастады  (қазіргі 

соттардағы  сот  ісіне  қатысуға  сайланатын  адамдар  сияқты).  Адамдар 



мүліктерінің  көлеміне  қарай  бөлінетін  болды,  сондай-ақ  отырық-

шылық  шартын  (ценз)  енгізу  арқылы  қоғамдық  өмірдің  (фратрия)       

ру-тайпа  түрінде  ұйымдастырылуына  қатты  соққы  берілді.  Осы 

мақсаттарда ел «навкрия» деп аталатын 48 аймаққа бөлінді. Кейіннен 

барлық  осы  ірі  өзгерістер  клисфен  конституциясында  (б.з.д.  509 

жыл) бекітілді.




43

Нәтижесінде,  демократияның  азаматтық  теңдік,  сөз  бостандығы

елдің барлық азаматтарының мемлекеттік лауазымдарды иелену құқы 

сияқты құндылықтары пайда болды. Адамдар шын мәнінде азат бола 

бастады:  қоғам  өмірінің,  мемлекет  өмірінің  мәселелерін  талқылауға 

белсенді  түрде  қатысты.  Жоғары  биліктегілер  мен  аристократтарға 

бас  ию  келмеске  кетті.  Осы  факторлардың  барлығы  адамдардың  та-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет