ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет40/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   440
бұддашылықтың негізгі қағидалары:

Барлығы да – азап, күйзеліс (азаптанып дүниеге келу және азаппен 

өлу, ата-анадан, достардан, сүйіктіңнен айырылу, орындалмаған тілек-

ниеттердің азабы және т.б.).

Күйзелістердің  себептері  өмірге  құштарлықта,  ләззат  алуда       

жатыр.


Күйзелістерден құтылуға болады.

Олардан құтылудың сегіздік жолы бар:

1.  Дұрыс ойлау. Егер адам: «Ол мені қорлады, ұрып-соқты, жеңді, 

тонады», – деп ойласа, онда оның мазасы кетіп, бойын кек кернейді.

2.  Дұрыс  сөйлеу.  Ауыздан  шығатын  сөз  –  шын  және  айнала-

дағыларға жағымды болуға тиіс, балағат сөздер қоршаған ортаны лас-

тайды.



40

3.  Дұрыс  іс-әрекеттер,  яғни  шындық  үшін  ерлік  жасауға  дайын 

болу.

4.  Дұрыс өмір салты, демек, бейбіт, адал, таза өмір сүру.



5.  Дұрыс ниет-пиғыл, яғни жамандық жасамау.

6.  Дұрыс күш салу, яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеуі және өз-өзін 

ұстауы.

7.  Дұрыс  көңіл  бөлу  (түсіну),  демек,  сананың  белсенді  қырағы-

лығы.

8.  Ойды дұрыс жинақтау, яғни медитацияның дұрыс әдістері.



Бұддашылық  сегізінші  тармаққа  ерекше  назар  аударады:  меди-

тация  адамды  толық  тыныштық  жағдайына,  яғни  ол  нирвананың 

(жұмақтың)  «тынық  тұңғиығына»  батқан  кезде,  оған  ешқандай  «заң 

жүрмейтін»  күйге  жеткізетіндей  болуға  тиіс.  Әлбетте,  оны  тақуа-

монахтар  ғана  орындай  алады  Ал  жай  адамдар  туралы  айтсақ,  олар 

үшін  «панча  Шила»  («Бес  Өсиет»)  қағидаларының  ізімен  жүру 

жеткілікті. Олар:

1.  Адам өлтіруші болма.

2.  Ұрлық істеуден тартын.

3.  Теріс жолға түсуден сақтан.

4.  Өтірік айтпа.

5.  Елірткіш сусындардан бойыңды аулақ ұста.

Бұддашылықты зерттеушілер арасындағы беделділердің бірі Клайв 

Эррикер осыған орай: «Бұл жерде барлық осы санаттардың бір-бірімен 

тығыз  байланыстылығын  түсіну  өте  маңызды.  Сегіздік  жолды  кейде 

адамдар  сегіз  басқыштан  тұратын  баспалдақпен  теңестіреді  де,  адам 

басқыштан-басқышқа  көтеріле  отырып  дамитындай  әсер  қалдырады. 

Бұл  –  жаңсақтық.  Бұдда  іс  жүзінде  бұл  санаттардың  әрқайсысын 

(ғылыми  көзқарастардың  әрқайсысын  да)  басқалармен  бірлікте 

меңгергенде ғана жетістікке жетуге болатынын атап көрсет-кен», – деп 

жазды (Эррикер К. Буддизм. – М., 1986. – 97-бет).

б) материалистік үрдістер.

Үндістандағыдай,  Қытайда  да,  рас,  бұл  қоғамдарда  терең  тамыр 

жаймаған  материалдық  үрдістер  болған.  Еске  түсірсек,  кейбір  қытай 

философтарының ойынша, әлемнің негізінде өте ұсақ «ци» бөлшектері 

жатыр, олар бір-біріне тізбектеліп, табиғат денесін құрайды. «Егер рух 

жоқ  болса,  онда  неге  Құдайға  жалбарынғаннан  кейін  жаңбыр  жауа-

ды?» – деген сұраққа олар: «Жаңбыр бұған дейін де болған, одан кейін 

де бола береді», – деп жауап берген.



41

Үндістанда әлем: жер, су, ауа, от және кеңістік деген бес тұрақты-

лықтан тұрады деп есептеледі. Мағынасы жағынан қытайдың «циіне» 

жақын «пракрити» осы жерде пайда болған. Оның үш қасиеті (гуна) 

бар:

1.  Саттва адамға білім мен бақыт әкеледі.



2.  Раджас – ол адамды әрекет етуге итермелейтін құмарлық.

3.  Тамас жалқаулықты, енжарлық пен ұйқыны қоздырады.

Материалистердің  өмірлік  бағдары  өмірден  тәндік-сезімдік  ләззат 

алуға саяды. «Чарвак-материалистер» дегендер: «Осы өмірдегі бақытқа 

ұмтылатын  боламыз!  Бұл  дүниеде  ажалсыздық,  мәңгі  өмір  сүру 

жоқ  –  өлгеннен  кейін  кез  келген  адам  күлге  айналады.  Сонда  ол  бұл 

өмірге  қалай  қайтіп  оралады?»  –  дейді.  Солай  ойлаудың  нәтижесі 

олардың «басқа дүниені» қабылдамауына, осы өмірдің рақатын көруге 

шақыруына жеткізді: «Осы өмірде көңіл көтер және шарап іш! Ертең-

ақ күлге айналасың және бұл өмірге қайтып оралмайсың».

Үнділердің материалистік философиясында бұл әлемнің екі баста-

уын (дуализм) мойындайтын ағымдар болған. Олардың бірі – пракрити 

(материя), ал екіншісі – пуруша (жан). Екеуі де әуелден-ақ бастапқысыз 

және шексіз деректермен танылған.

Аталған  ағымдардың  жұртшылық  алдында  ерекше  үлкен  беделі 

болмағанын  айтқан  жөн.  Негізінен,  Ертедегі  Шығыс  философиясы 

идеалистік сипатта болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет