75
негізгі еңбектері: «Тәубаға келу», «Академиктерге қарсы», «Құдай
қаласы туралы» және басқалары.
Августиннің философиялық көзқарастары алдымен манихейшіліктің
ықпалымен қалыптасты, бірақ одан көңілі қалған ол академиктердің,
яғни платондықтардың күмәншілдігіне (скептицизм) бет бұрды. Алай-
да Амвросий Медиаланскиймен (340-397) – өзіне ықпалы көп болған
Милан епископымен танысқаннан кейін және неоплатондықтардың
еңбектерін оқыған соң, Августин 387 жылы біртіндеп христиандыққа
келді. Бірақ ол христиандықты қабылдап қана қойған жоқ, сонымен
қатар ол ілімді белсенді таратушы және сенім үшін күрескер де болды.
Кейіннен оның «дінбұзарлардың тоқпағы» деп аталып кетуі кездейсоқ
болмаса керек.
Оның философиясында Сенім мәселесі және оның адам ақылымен
үйлесім табуы басты орын алады. Сол себепті ол Тертулианның:
«Сенемін, өйткені бұл ақылға сыймайды», – деген қағидасын теріске
шығарып, оны: «түсіну үшін сенемін», – дегенге, содан кейін: «сену
үшін түсінемін», – дегенге ауыстырған.
Августиннің ойынша, адам өзінің ой-толғаныстарында күмәндануға
жол бере алмайды. «Шынайы дін туралы» деген еңбегінде ол:
«Күмәнданатынын санамен түйсінетін адам оны (өзінің күмәнін)
әлдебір шындық деп түсінеді», – деп жазды. Бірақ ол кезде Құдай
ғана (одан басқа ешкім де емес!) «біздің нұрлануымыздың Әкесі»
бола алатынын естен шығармау керек. Адам Құдай идеяларын енжар
қабылдауға ғана қабілетті, ал нағыз шындықтарды танып білу – бұл
Құдай еркімен нұрланудың жүзеге асуы.
Августин Құдай болмысының үш дәлелін келтіреді. Біріншісі –
бізді қоршаған әлемнің мүлтіксіздігі. Оның алуан түрлілігі мен
өзгермелілігіне қарамастан, бұл жерде белгілі бір логика, тәртіп,
үйлесім орын алады, өйткені әлем – Жаратушыға сілтеме жасайтын-
дай бейберекетсіздік емес.
Екіншісі – «consensus gentium» (лат. – ізгілікті келісім): барлық
адамдар алдын ала келіспестен-ақ өзінің жан-жүрегінен Құдайды та-
бады.
Үшіншісі – игіліктің Жоғарғы Игілікті, демек, Құдайды көрсете-
тін
әртүрлі баспалдақтары бар.
Құдайдың үштігін қарастыра келе, Августин Ол жаратқан Әлемнің:
Достарыңызбен бөлісу: