ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


 схоластика кезеңі. номинализм мен реализмнің күресі



Pdf көрінісі
бет78/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   440
2.3. схоластика кезеңі. номинализм мен реализмнің күресі.

аквинскийдің шығармашылығы

Патристика  христиандық  діннің  негізгі  қағидаларын  жүйелеуді 

жүзеге  асыра  келе,  XI  ғасырға  қарай  келесі  кезеңге  –  ортағасырлық 

схоластикаға  (scholastic  –  лат.  –  мектеп,  ілімдік)  жол  ашты.  Пат-

ристиканың  мистикалық  мәселелері  енді  дінді  зерттеушілерді 

қанағаттандырмайтын  болды,  сол  себепті  жаңа  қағида:  «credo  ut 

intelligam» – «түсіну үшін сенемін» деген ұстаным енгізілді. Құдайға 

сену  даусыз  және  басым  тұрғанмен,  дегенмен  енді  екінші  орынға 

білімдер  қойылатын  болды.  Оның  негізгі  мақсаты  –  діни  аяндардың 

түсініктерін  ашып  көрсету,  бір-бірімен  қарама-қайшы  келмейтіндей 

үйлесімдікте ұштастыру. Соған орай XI-XII ғасырларда универсалия-

лар  (жалпы  ұғымдар)  мәселесі  пайда  болып,  кең  пікірталастар  жүре 

бастады,  нәтижесінде,  екі  негізгі  ағым:  реализм  (realis  –  лат.  –  шын, 

нақты) және номинализм (nominis – лат. – заттың атауы) туды.

Схоластиканың  барынша  жетіліп,  дамуы  –  университеттерде  кең 

пікірталастар  орын  алып,  солардың  барысында  Платон  идеялары 

жеңіліс  тауып,  аристотелизм  жеңісін  тойлайтын  XIII-XIV  ғасырларға 

келіп тіреледі.

XIV  ғасырдың  соңында  сенім  мен  білімдердің  үйлесімсіздігі,  бір-

біріне  сәйкессіздігі  байқала  бастайды.  Соған  байланысты  енді  «екі 

шындық» – сенім шындығы мен білім шындығы туралы ілім кең та-

ралады.

Схоластика  атаулы  –  өз  дамуының  барлық  кезеңдерінде  өткен 

ғасырлардың рухани мұраларын зерттеп білу негізінде нақты өмірден 

қол  үзген  абстракциялық  метафизикалық  ой-пікірлер  болып  шықты. 

Сондықтан  да  кейіннен  тәжірибе  арқылы  жинақталған  білімдер  пай-

да  бола  бастаған  кезде,  схоластика  өзінің  бұрынғы  бедел-абыро-




78

йынан  тез-ақ  айырылып  қалды.  Бүгінгі  күні  схоластика  деген  тер-

мин  мән-мағынасыз  жалаң  теориялау  деп  түсінілетін  болды.  Алайда 

универсалияларға оралайық.

Универсалиялар  мәселесі  схоластикаға  «римдіктердің  соңғысы 

және  схоластардың  алғашқысы»  деген  атқа  ие  болған  Северин  Боэ-

ций арқылы (480-524 жж. шамасы) енді. Грек философы-неоплатонигі, 

Плотиннің  шәкірті  Порфирийді  түсіндіре  отырып,  ол  үш  қиындыққа 

тап болды: 

1. Универсалиялар, яғни туу және түрлер: жан-жануарлар, адамдар 

өмір сүре ме әлде өмір сүрмей ме? 

2. Олар қаншалықты дәрежеде тәннен тұрады? 

3.  Егер  олар  тәннен  тұратын  болса,  онда  сезімдікпен  біртұтас  па? 

Бұл сұрақтарды Порфирий қойғанмен, олардың жауабын Боэций берді.

Аталған сұрақтың шешімінде үш ағым пайда болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет