153
шірітетін қатерлі ісік ретінде сипаттаған. Бірақ оның антиклерикалдық
бағыттағы «Құпиясы жоқ христиандық» (1696) атты жұмысы ерек-
ше толқу тудырды. Аталған кітапты өртеу туралы үкім шығарылып,
түрмеге түсуден қорыққан Толанд қашуға мәжбүр болды. Алайда оның
есімі кең таныла бастады.
Толандтың «Серенге хаттар» (1704) атты басты философиялық
шығармасының негізін философиялық әңгімелері, ал содан кейін
Пруссия королевасы София-Шарлоттамен жазысқан хаттары құраған.
Аталған шығармасында Толанд қозғалыс пен материяның біртұтастығы
туралы ілімді ары қарай дамыта түседі. Ол: «...қозғалыс та, тартылыс
сияқты, материяға тән, ал материя қозғалыссыз, өлі және әрекетсіз
кесек балшық емес және сондай бола алмайды, басқаша айтқанда,
мүлдем тыныштық күйінде қала алмайды. Егер қозғалыс материяның
маңызды қасиеті болса, онда ол оның анықтамасы үшін де маңызды
болуға тиіс қой». Тіпті осы бір қысқа үзіндіден-ақ Толандтың Спиноза
мен Ньютонмен пікірталасқа түскенін аңғару қиын емес.
Әлем туралы ілімінде ол материяның Құдай жаратқаннан кейінгі
өз заңдылықтары негізінде дамитын дербес болмысын мойындай оты-
рып, деистік көзқарастарды ұстанды.
Егер бұның алдындағы философияда материя, негізінен, тіпті
қозғалуға қабілеті жоқ жансыз кесек сияқты қаралып келсе (Дж.Локк),
енді Д.Толанд мүлдем жаңа қағида енгізеді: материалдық әлемді
жаратқан соң, Құдай табиғат заттарына ішкі күш (ағылшынша –
moving force) берді, сол арқылы оның қозғалысы мен дамуы сыртқы
әсерден емес, ішкі күштер әсерімен іске асады. Д.Толандтың бұл
ережесі кейіннен материализмнің дамуында үлкен рөл атқарды.
Адамның ойлау қабілетін алып қарасақ, ол – адам миы қызметінің
нәтижесі. Идеяларды адам тәнінен бөліп қарауға болмайды. Адамның
ойлау қабілетінің табиғи сипатын негіздеу үшін, Толанд барлық
Достарыңызбен бөлісу: