ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет176/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   440
Я.п.козельский (1728-1794) крепостнойлыққа қарсы шығып, әділетті 

қоғамдық  құрылыс  идеясын  дамытқан  болса,  а.п.куницын  (1783-

1840)  –  заңгер,  цензура  «христиан  шындығына»  қайшы  келеді  деп 

алып тастаған, екі бөлімнен тұратын «Табиғи құқық» кітабының авто-

ры болды. Олар сол уақыттың өзінде-ақ дүниетанымның ағартушылық 

тұрпатына салыстырмалы түрде жақын келді.

Сол  кезеңдегі  орыс  ғылымының  аса  жарқын  өкілі  –  жаратылыс-

танудың  ұлы  зерттеушісі,  философ,  тарихшы,  ақын,  Мәскеу  уни-

верситетінің  негізін  қалаушы  (1755)  м.В.ломоносов  (1711-1765)  бол-

ды. Білімдердің әртүрлі: химия, физика, геология, астрономия сияқты 

салаларындағы  бірқатар  ұлы  жаңалықтар  –  соның  еншісі.  Сонымен, 

ол заттардың құрылысы туралы молекулярлық түсініктерді дамытты, 

материя  мен  қозғалысты  сақтау  қағидасын  құрды,  химиялық  агент-

тер  қатарынан  флогистонды  шығарып  тастады,  түс  туралы  ілімді 

алға  шығарды,  Шолпан  жұздызындағы  атмосфераны  ашты,  Жердің 

құрылысын суреттеді, көптеген пайдалы қазбалар мен минералдардың 

шығу тегін сипаттап жазды, металлургия бойынша басшылыққа алы-

натын нұсқаулықты және т.б. жарыққа шығарды. Ломоносов Солтүстік 

теңіз жолын зерттеудің, Сібірді игерудің маңыздылығын атап көрсетті.

Ломоносовтың  еңбектері  орыс  философиясындағы  жаңа  бағытты 

айқын белгілеп берді. Өзінің дүниетанымы бойынша ол дүниенің жара-

тылуын уақыт қойнауына кейін шегерген деист болды, Жаратушының 

табиғатқа қазіргі күйінде қандай да бір әсері болатынын көруден бас 

тартты.  Бұл  зерттеу  жұмыстары  мен  ғылыми  ізденістер  үшін  кең 

мүмкіндіктер ашты.

Ағартушылық  идеялар  жазушылар:  Г.Р.Державин,  И.А.Крылов, 

Д.И.Фонвизин  шығармаларында  көрініс  тауып,  іске  асты.  Бірақ  орыс 

ағартушылығының  аса  көрнекті  өкілдері  н.и.новиков  (1744-1818), 



а.н.Радищев (1749-1802) болды.

Н.И.Новиковтің адамдардың сословиеден тыс теңдігі туралы жалпы 

идеяларымен біріккен сатиралық «Жатыпішер» және «Суретші» деген 



177

кітаптарды  жариялау  арқылы  атағы  шықты.  «Орыс  жазушылары  ту-

ралы тарихи сөздіктің тәжірибесі» (1772), «Ертедегі Ресей кітапханасы 

немесе  ертедегі  әртүрлі  шығармалар  жинағы»  және  тағы  басқа  да 

еңбектері ағартушылық мақсат көздеп жазылған.

Діни-адамгершілік рухындағы «Таңғы сәуле» журналында адамның 

өз-өзін танып білуі және құдайтану жолдары қарастырылды, тұлғаның 

қадір-қасиеттері туралы қағидалар негізделді.

Новиковтің бар қызметі крепостнойлық құқыққа қарсы бағытталды. 

1792  жылы  патшайым  Екатерина  II  Шлиссельбург  қамалына  жабуға 

бұйрық беріп, сол жерде ол өмірінің азапты төрт жылын өткізді.

...1790  жылдың  26  шілдесінде  Екатерина  II  барлық  әдебиет  және 

публицистика  жаңалықтарынан  әрдайым  хабардар  болып  отыру-

ды  қалап,  күнді  кітаптарды  қарап  шығудан  бастады.  Қолына  оған 

белгісіз  автор  а.Радищевтің  Зотов  дүкенінде  сатылып  жатқан  «пе-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет