ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет264/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   440
мунд  гуссерльдің  (1859-1938)  тұжырымдамасына  байланысты. 

Оған  дейін  адамдар  феноменологияны  қызығушылық  тудырып 

отырған  құбылыстың  кез  келген  түсіндірілуінің  алдында  болуға  тиіс 

сипаттамалық зерттеу деп ұғынған.

Гуссерль өте қарапайым адам болатын. Өмірінің соңына дейін өзін 

жаңадан бастаушы деп санады және одан артықтан үміттенбеді, үнемі 




267

өзінің  ой-пікірлеріне  күмәнданып  жүретін.  Сол  себепті  бар  өмірін 

ізденіспен өткізді, бұл замандастарының оны «бітпейтін міндеттердің» 

философы  деп  атауына  негіз  болды.  Ол  қайтыс  болған  кезде  билікке 

нацистер келіп, Гуссерльдің бар мұрасын өртеуге бұйрық берді. Алай-

да достары оның мұрағатын құтқарып қалды (шамамен 45000 бет).

М.Хайдеггер  «Болмыс  және  уақыт»  атты  шығармасында:  «Фено-

менология»  термині  бәрінен  бұрын  –  әдіс  тұжырымдамасы  дегенді 

білдіреді...  Оны:  «Артқа,  заттарға  қарай!»  –  деп  тұжыру  оңай.  Оған 

қоса,  бұл  ауада  ілініп  тұрған  құрылымдар  мен  кездейсоқ  табылған 

нәрселерге, ұрпақтан-ұрпаққа шынайы мәселелер ретінде беріліп кел-

ген үстірт қойылған мәселелерге қарсы қойылады», – деп жазды.

Гуссерль алғаш рет феноменологияны өзіне тән феноменологиялық 

(құбылыстық)  әдісі  бар,  ғылымның  іргетасы  болып  табылатын  жаңа 

философия ретінде қарады. Оның мақсаты – ғылым жайындағы ғылым 

құру және бүкіл танымның, оның ішінде ғылыми танымның да негізі 

болатын өмірлік әлемді, күнделікті өмір әлемін ашу болды.

Алдындағылардың  таным  теориясын  сынай  отырып,  Э.Гуссерль: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет