ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет266/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   440
«тіршілік  әлемі»  жатыр.  Бұл  –  адамның  іс  жүзіндегі  әрекеттерінің 

шындығы  және  оның  болашақтағы  мүмкіндіктері  соның  шектерінде 

айқындалатын,  алдын  ала  беріліп  қойған  көкжиек.  Ол,  тегінде, 

нақтылықтың  зерттелетін  үдерістері  егжей-тегжейлі  талданған, 

қашанда толық болмайтын ғылыми танымынан әлдеқайда бұрын пай-

да болады, ал ол кезде тіршілік әлемі айқындығымен ерекшеленеді.

«Тіршілік әлемі» барлық мүмкін болатын мағыналармен толыққан, 

сондықтан заттарды танып біле отырып, біз оларға осы мағыналарды 

береміз. Алайда көпшілік адамдардың ойынша, олар өздерінің санасы-

на  тәуелді  болмай  өмір  сүретін  сол  нақтылықты  танып  біліп  жатыр. 

Ал,  шындығында,  адамдар  заттарға  өздерінің  «тіршілік  әлемінен» 

келіп  шығатын  мағыналарды  телиді.  Міне,  сондықтан  феноменоло-

гия санада мағыналардың пайда болуын зерттейді. Ал ол үшін сананың 

өзінің түпнегізінде жатқан таза формаларына жету керек.

Бұл  мақсаттарға  жету  үшін,  Э.Гуссерль  құбылыстық  редукция 

(қысқарту,  салыстыру)  әдісі  –  «эпохені»  пайдаланады.  Ол  заттардың 

«эйдосы»,  яғни  санаға  ашылатын  таза  мағыналары  айқындалғанға 

дейін  олардың  бір-бірлерімен  кеңістіктік-уақыттық  байланыстарын 

ескермеуді жорамалдайды. 

Демек,  феноменологияның  ұраны  –  үйіліп-төгілген  сөздерден 



тазартылған  заттардың  өздеріне  жүгіну.  Ал  оның  өзі  –  фактілер 

жайындағы емес, мән-мағыналар туралы ғылым.

Феноменологияның екі: идеалистік және реалистік тармағы бар.

Біріншісін Гуссерль ұсынған, өйткені заттарға қайта орала отырып, 

ол, ақырында, жалғыз нақтылық – сананы тапты: трансценденттік сана 

заттардың, іс-әрекеттердің, институттардың мағыналарын түзеді.

Екінші  –  реалистік  тармақты  М.Шелер  ұсынды.  Ол  иерархиялық 



269

тұрғыда ретке келтірілген заттардың: жарық – көз үшін, дыбыс – құлақ 

және сезімдік түйсік үшін деген сияқты нақтылығына бағытталған.

макс  Шелер  (1875-1928)  жай  ғана  данышпан  емес,  данышпан-

«жанартау»  болды.  Феноменологиямен  оны  дерексіз  құрылымдарға 

сенімсіздік  көзқарасы  және  мәнге  жетудің  түйсіктік  дарыны  байла-

ныстырады.  Феноменологияны  өзінің  «пайыммен  қарауға  келтіру» 

деп түсінуін, құбылыс фактілерінің табылуы мен ашылуын М.Шелер 

тартымдылық пен сүйіспеншілік, этикалық ерік беру феноменология-

сын  әзірлеу  үшін  қолданды.  Ізденістерінің  нәтижесінде  адам,  тұлға, 

адам бойындағы «мәңгілік» феноменологиясы түпқазық болып шықты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет