ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


 герменевтика: герменевтикалық дәстүр, ғылыми және



Pdf көрінісі
бет267/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   440
8.7. герменевтика: герменевтикалық дәстүр, ғылыми және 

философиялық герменевтика

Қазіргі заман тұрғысынан алғанда, герменевтика (гр.– germeneon – 

түсіндіру,  ұғындыру)  –  ол  нақты  шындықтың  (болмыстың)  әртүрлі 

нысандарын  герменевтикалық  амалдарды:  герменевтика  шеңбері, 

үйреншікті  және  ғылыми  рефлексия,  мәндеп  түсіндіруді  пайда-

лану  жолымен  түсіну  туралы  ғылым.  Терминнің  өзінің  әртүрлі 

түсіндірмелері бар:

–  Кез келген: көркем, тарихи, философиялық, діни және басқадай 

шығармалар деп түсінілетін мәтіндерді түсіндіру өнері;

–  теориялық мағынасында: ол – мағынаға жету техникасы

1

 тура-


лы ілім (бұл терминді «өзге, бөтен даралыққа жету өнері» деп түсіндіру 

де кездеседі);

–  гуманитарлық  ғылымдардың  қағидалары  туралы  ілім  (бұл 

жерде  енді  онтологиялық  және  әлеуметтік-философиялық  міндеттер 

әрекет етеді, яғни философиялық пәнге сілтеме жасалғаны байқалады).

Бұл  ғылымның  атауы  «адамдарға  Олимп  құдайларының  ерік-

қалауын  түсіндіру»  «міндеттерін»  арқалаған  ертедегі  грек  құдайы 

Герместің атынан шыққан.

Ертедегі  грек  философиясы  мен  филологиясында  –  ол  басқаша 

айтуды  және  көпмағыналы  нышан-белгілерді  түсіну  және  түсіндіру 

өнері.  Неоплатониктерде  –  ертедегі  грек  ақындарының  (Гомер,  Эс-

хил, Софокл және басқалары) шығармаларын жете түсіндіру. Христи-

ан жазушыларында – Библияны – Көне және Жаңа Өсиетті түсіндіру 

1

  Мұнда:  техника  –  мағынаға  жету  жолында  қолданылатын  амал-тәсілдердің  жиынтығы 



дегенді білдіреді.


270

өнері (мысалы, протестанттық теолог Уильям Баркли Інжіл мәтіндері 

түсіндірмелерінің 15 томын жазды). Мұсылман діндарларында Құран 

мен хадистердің мәтіндерін түсіндіру – 300-ден астам том құраған.

Ерекше  пән  –  түсіндірме  (интерпретация)  әдістері  туралы  ілім 

ретінде – герменевтика XVII ғасырдың ортасынан басталды деуге бо-

лады. Оның алғашқы құжаты деп Даннхаузердің әдейі герменевтикаға 

арналған трактатын (1654) санау қабылданған.

Алайда  XIX  ғасыр  басталғанға  дейін  герменевтика  мәселесі  ерек-

ше  пән  саласы  ретінде  ажыратылмады,  соған  байланысты  герменев-

тика басқа пәндердің (бәрінен бұрын теология мен филологияның) бір 

бөлігі  болып  қалып,  көбінесе  ғылыми-зерттеу  мақсаттарында  емес, 

дидактикалық мақсатта пайдаланылатын болды.

Герменевтиканы  ғылым  ретінде  негіздеу  –  неміс  философы  және 

протестант  теолог  Фридрих  Шлейермахердің  (1768-1834)  еңбегі.  Ол 

үшін, қандай мәтіндер туралы сөз болып отырғанына қарамастан, гер-

меневтика  –  түсіндірудің  жалпыға  бірдей,  ортақ  теориясы,  өйткені 

түсіндіру ережелері бірыңғай. Оның анықтамасы бойынша, герменев-

тика – ол мақсаты жазбаша құжаттарды түсіну мүмкіндігі шарттарын 

көрсетуден  тұратын  «түсіну  ережелерінің  өзара  байланысы  туралы» 

ілім.

Кез  келген  жазбаша  құжат  –  екі  табиғаты  бар  тілдік  құрал:  бір 



жағынан,  ол  тілдің  жалпы  жүйесінің  бір  бөлігі,  ал,  екінші  жағынан, 

әлдебір жеке тұлға шығармашылығының өнімі. Сол себепті герменев-

тиканың алдында екі міндет тұр:

а) тілдік құралды белгілі бір тіл жүйесінің элементі ретінде зерттеу 

(мәтіннің қандай уақыт кезеңіне жататынына байланысты);

ә) соның артында тұрған бірегей субъектіні табу (кім мәтін авторы 

бола алады).

Ол  міндеттің  бірінші  бөлігін  «объективтік»  («грамматикалық») 

түсіндіру  орындаса,  ал  екіншісін  «техникалық»  («психологиялық») 

түсіндіру өзіне алады.

Шлейермахер  түсіну  үдерісінің  айналма  сипатына  («герменевтика 

шеңбері») назар аударады: бөлшекті (мысалы, жеке бір сөзді) түсіну – 

бүтінді  (атап  айтқанда,  сол  сөз  кіретін  сөйлемді)  түсініп  алмайын-

ша  мүмкін  болмайды.  Бірақ  бүтінді  түсіну,  өз  кезегінде,  бөлшектерді 

түсінуді қажет етеді.

Герменевтиканың  қалыптасуының  маңызды  бөлігі  неміс  филосо-

фы, тарих мектебінің өкілі  Вильгельм Дильтейдің (1833-1911) «өмір 

философиясы» болды. Ол герменевтиканы ерекше әдістемелік қызмет 




271

ретінде  түсінді.  «Түсіну»  таным  теориясының  жеке  саласы  емес,  – 

жалпы гуманитарлық білімнің («рух туралы ғылым») іргетасы деп са-

найтын тезисті жүйелі дамыту – Дильтейдің еңбегі.

Герменевтика негізі деп Дильтей «түсінетін психологияны», ал сол 

арқылы  бір  немесе  басқа  ұрпақтың  жан  дүниесі  мен  рухани  өмірінің 

тұтастығын түсінуді санайды.

Герменевтика  тарихындағы  «су  айырғыш»  М.Хайдеггердің  (1889-

1976)  «Болмыс  және  уақыт»  (1927)  деген  еңбегі  болды.  Түсіну  бұл 

жерде  таным  тәсілі  ретінде  емес,  болмыс  тәсілі  іспетті  әрекет  етеді. 

Сол  арқылы  герменевтика  онтологиялық  мәртебе  иеленеді.  Ол  тек 

гуманитарлық  танымның  ғана  қосымша  пәні  немесе  әдістемесі  бо-

луын  тоқтатып,  «түсінудің  жан-жақты  философиясына»  айналады. 

Дәл  осы  қорытындыны  Хайдеггер  еңбегінен  1960  жылдардың  басын-

да философиялық герменевтика тұжырымдамасын алға тартқан ганс 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет