ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет189/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   382
Байланысты:
Философия

«адам адамға – Құдай»
тезисін алға тартады. Діннің мәнін 
Фейербах адам мәнінен шығарады (бұл К.Маркстің дінді сынға алу-
ына негіз болды). «Теология – бұл антропология», – деп жазды ойшыл 
«Христиандықтың мәнінде».
Фейербах үшін дін – адам мәнін шеттету формасы, яғни шын 
мәнінде адамға тиесілі белгі-қасиеттердің Құдайға телінуі.
Нақ осы көзқарас тұрғысынан ол: «Кімде-кім Гегель философиясы-
нан бас тартпаса, ол дін ілімінен де бас тартпайды», – деп, Гегельді 
сынға алады. Бірақ Гегель идеализмін білген соң, Фейербах оның 
ілімінің мықты жақтарын пайдаланбады, тіпті оның бүкіл философия-
сын тәрк етті деуге болады.
Философияның негізі, Фейербахтың пікірінше, адам болуға тиіс, 
өйткені ол – табиғи «текті» тіршілік иесі.
Әлемді материалистік тұрғыдан қарай отырып, дегенмен ол 
қоғамның өзінің материалистік түсіндірілуіне дейін көтеріле алған 
жоқ.
«Байланыс, өзара байланыс» дегенді білдіретін «religare» сөзінің 
шығу тегін зерттей келе, Фейербах: «Қоғамдағы адами қатынастар діни 
сипат алуға тиіс, әйтпесе адамдар өздерінің адамшылығын жоғалтады, 
өйткені бұндай жағдайда олар өздерінің өзімшіл биологиялық 
табиғатынан шыға алмай қалады», – деген ойға келеді. 
Дінсіз
болу – 
адам үшін 
өзі туралы ғана ойлау
дегенді білдіреді, ал ол кезде 
Құдайға сену
– ол 
өзгелер туралы ойлау
болып шығады. Сонымен, 


209
дін адамзат үшін қажет, сондықтан «
сүйіспеншілік діні»
де сондай 
болуға тиіс.
Фейербах қана сүйіспеншілік мәселесін философия деңгейіне көтерді 
деуге, әрине, болмайды. Ерте замандарда-ақ Кон-Фу-Цзы адамдардың 
өзара қарым-қатынастарының негізінде жатуға тиіс «жень» (махаббат) 
қағидасын алға тартқан, ал Эмпедокл тіпті «махаббатты» әлем, дүние 
негіздемесіне «жау» етіп көрсеткен. «Әркім де «платондық махаббат» 
деп аталатын сүйіспеншілік туралы біледі. Барлық ортағасырлық фи-
лософия Августин, Яссауи және басқаларының атынан Құдайды сүюге 
шақырады.
Олай болса, бұл туралы Фейербах 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет