243
Интегратизм
. Егер классикалық ғылымда бүтін бөлшектерден
тұрады, бүтінді бөлшектерге бөлуге болады деп саналса,
енді қазір
бүтіннің де, бөлшектердің де өз-өзіне жеткіліктілігі, олардың өзара
ықшамдалмаушылығы (тұжырылмаушылығы),
сонымен қатар өзара
бір-бірлеріне өткіштігі танылады. Мысал ретінде бір-бірлерінен
шығатын қарапайым бөлшектерді айтуға болады.
Синергизм
. Егер классикалық ғылым нақтылықты қозғалатын,
олардан табиғаттың алуан түрлі денелері
құралатын материалдық
нүктелердің жиынтығы деп қараса, енді табиғаттың терең құпияларына
бойлай отырып, қазір нақтылықты солай түсінуден бас тартуға тура
келді.
Бірақ синергетика туралы біз кейінірек айтатын боламыз.
Холизм
. Бұл ұстанымға сәйкес, Әлем,
Нақтылық көпшамалы
иерархиялық тұтастық, яғни әрбір тармағы басқалармен өзара
әрекеттесе отырып, өз-өзін тұрақты өзгертіп
отыратын тұтастықты
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: