ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет255/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   382
Байланысты:
Философия

а.адлер
(1870-1937), 
к.Хорни
(1888-1959),
 Э.Фромм 
(1900-1980), 
г.маркузе
(1898-1979) фрейдизмнің 
негізгі қағидаларын қоғам өмірімен ұштастыруға әрекеттенді.
Сөйтіп, австриялық дәрігер-психиатр және психолог, дербес 
психологияның негізін салушы 
Альфред Адлер «компенсация» 
(тол-
тыру, өтем) ұғымын енгізеді. Адам өзінің дене бітіміндегі кейбір 
кемшіліктерге және кейбір табиғи дарындарының осал дамығанына 
бола, өзін кемтар, жетілмеген деп сезінуі мүмкін. Нәтижесінде, өз 
мүмкіндіктеріне сенбеу, бейшаралық күй кешу пайда болады. Осының 
бәрін жеңу үшін, адам шығармашылық тұрғыда жан-жақты ашылып, 
жетілуге бар күш-жігерін жұмсайды. Адамның нақ осы белсенділігі 
орасан артқан, болмысқа деген өжет құлшынысын Адлер өтем деп 
атайды. Ойшылдың пікірінше, егер адам осы жолда асқан белсенділік 
танытса, онда ол өзінің кемшіліктерінің орнын толтырып қана қоймай, 
сонымен бірге ұлылыққа да жетеді. Ондай ахуалды ол 
үстеме өтем
деп атайды. (Әдебиетте Гитлер бір аяғын сылтып басқандықтан, өзін 
суретші ретінде таныта алмады дейтін пікір бар. Нәтижесінде, ол өзін 
саясат саласына бұрып, асқан белсенділік танытқаннан заң жүзінде кан-
цлер лауазымына қол жеткізген, ал Наполеон бойының қысқалығынан 
өзін кемтар сезініп, үстеме өтем есебінен императорлыққа жеткен).
Адлер идеяларының 
неофрейдизмге
ықпалы зор болды.
Неофрейдизмнің негізін салушылардың бірі – американдық пси-
холог және психопатолог 
Карен Хорни 
болды. Ол неврозды (жүйкенің 
тозуын) адамның мінез-құлқының өзіне дұшпан әлеуметтік ортадағы 
үйлесімсіз қорғаныс формалары деп түсіндіреді. Соған байланысты ол 
адамның жетіліп дамуын 
қалыпты
және 
қалыптан ауытқыған
түрінде 
көрсетеді. Қалыпты күйде адам өзінің дарындылықтарын көрсетуге 
және ойлағандарын іске асыруға тырысады. Қалыптан ауытқыған кез-
де адамның психикасында теріс құбылыстар жинақталып, неврозға 
әкеліп соқтырады. Адам өміріндегі қалыптан ауытқудың себептерін 


284
К.Хорни: әлеуметтік факторлардан (қоғам ауруынан), ата-ана мен 
балалардың өзара қарым-қатынастарының теріс қырларынан, адамның 
дұрыс жолын таппай, теріс жолға түсіп, енді мағыналы-өмірлік 
бағдарларды іздеуінен көреді.
Оның пікірінше, әлеуметтік қалыптан ауытқу жүйкесі тозған 
адамның төмендегідей тұрпаттарын қалыптастырады:
– икемделушілік, бейімделушілік – яғни адам еш мақсатсыз, қалай 
болғанда да, айналасындағылардың құптауына, мақұлдауына лайық 
болуға ұмтылады;
– ұятсыз, басқыншылық әрекетпен, тіпті кезде қылмыстық жол-
мен де, қалай да билік пен күшке қол жеткізуге ұмтылу;
– оқшаулану арқылы қоғам мәселелерінен теріс айналу.
Әлеуметтік нормалардан ауытқушылық иіріміне түсіп кетіп, адам 
сол тұңғиыққа тереңдеп бата береді. Ол шырғалаң шеңберден шығу 
үшін, қоғамның қолдауымен адам тарапынан көп күш жұмсалуы ке-
рек.
Неофрейдизмнің
жарқын өкілдері – 
Герберт Маркузе
және 
Эрих 
Фромм
болып табылады. Оларды XX ғасырдың 20-сыншы және 30 
жылдарының басында әлеуметтік зерттеулер орталығы ретінде пайда 
болған франкфурттық мектеп біріктіреді. Екеуі де – 
фрейдомарксис-
тер
.
Әлеуметтік философ және әлеуметтанушы Маркузе 
марксизмнің, 
экзистенциализмнің және психоталдаудың
кейбір идеяларын жинақ-
тауға бағытталған 
«қоғамның сын теориясын» 
негіздеді. Ол 
техногендік өркениет және бұқаралық мәдениет қызметінің өнімі 
ретінде 
«бірөлшемді адам»
тұжырымдамасын ұсынды; адам бейнесін 
бұрмалайтын және
тұлғаның шеттетілуіне
жеткізетін жүйелер 
ретінде капитализмнен де, социализмнен де 
«ұлы бас тарту»
қағидасын алға тартты.
Маркузенің ең танымал еңбегі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет