ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет263/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   382
Байланысты:
Философия

қиындықтарды 
еңсеруге
, алдына қойған мақсатына, нәтижелерге жетуге көмектеседі. 
Адам еркі барлық танымдық күштерді «жұдырыққа түйіп», олар-
ды шындықты табу жолына бағыттайды. Алайда ерік әрдайым 
моральдық сананың
бақылауында
болуға тиіс. Бұл жаратылыстану-
ды зерттеушілер үшін ерекше қажет, өйткені табиғаттың сырларына 
тереңдеген сайын, зерттеуші әлі белгілі болмаған құбыжық күштерге 
тап болуы мүмкін, ал ол күштер адамгершілік тұрғысынан әлі 
жетілмеген адамды оларды өз мүдделерінде пайдалануға итермелеуі 
мүмкін. Тарихта даңққұмарлар қашанда аз болмаған, олар бүгінгі күні 
де бар. 
Танымда әсіресе 
талант
ерекше бағаланады. Біріншіден, оның 
адам бойындағы табиғат берген дарындарымен тығыз байланысын 
табуға болады. Егер біреу өнерге жақын болса, екіншісі математика 
мен физиканы жақсы көреді, ал үшіншісі тілдерді меңгеруге бейім. 
Адамдардың осындай табиғи дарындылықтары тиісті әлеуметтік 
шарттарда және тынымсыз еңбектену барысында талантқа, ерекше 
шығармашылық қабілеттерге айнала алады. Олай болмаған жағдайда 
адам өз дарындылығын талантқа айналдырып дамыта алмай, оларды 
өшіріп алуы да мүмкін.
Ғылыми танымның 
негізгі мақсаты
– шындыққа жету, өйткені сол 
ғана ғылымның 
іс жүзінде қолданылуына
, пайдаға асуына жол аша-
ды. Олай болса, енді осы мәселеге көшейік.


299
«практика»
ұғымы грек тілінен «белсенділік, қызмет» деп ау-
дарылады және қоршаған дүниені өзгерту бойынша адамның сана-
лы, белсенді, мақсат көздеген қызметін білдіреді. Әрине, адам да, 
жер бетіндегі барлық тірі тіршілік иелері сияқты, қоршаған ортасыз 
өмір сүре алмайды. Кез келген жан-жануар өзінің жаратылысына, 
дене құрылысына қарай онда өз орнын табады. Жануарды ырықсыз 
сезім билейді, ол өзінің тіршілік қарекеті үшін тікелей қажеттіні ғана 
қабылдайды, оның мүмкіндіктері шектеулі. Ал адам әлеммен жан-
жақты, сан қырлы қатынасқа түседі. Қоршаған орта нақты тарихи өмір 
сүретін қоғамның мүмкіндіктерін қашанда «қиып отыратындықтан», 
тәжірибе (практика) адамның жаңа күштері мен қабілеттері ояна келе, 
танымның шексіз мүмкіндіктерін ашады.
Сол себепті ғылым бастаулары адамзаттың осы тәжірибесіне де-
ген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет