ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет264/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   382
қажеттілікте
жатыр. Мысалы, ертедегі көшпенділер көштің жо-
лын жұлдыздар мен планеталарға қарап анықтап отырған. Ежелгі 
Қытай мен Мысырдағы жерді суару қажеттігі орасан үлкен арналар-
ды салуға мәжбүр етті, ал ол үшін жер бетінің геометриясын зерттеу 
қажет болды. Нәтижесінде, математиканың бүршіктері пайда болды. 
Егер адамзаттың осы заманғы тәжірибесін қарар болсақ, онда табиғи 
энергия ресурстарының бірте-бірте сарқылуы адамзатты энергияның 
жаңа көздерін іздеуге мәжбүр етеді. Міне, сондықтан да әлемнің 
жетекші мемлекеттері микроәлемнің құбылыстарын атом өзегі энер-
гиясын шығару, оны алудың арзан және қауіпсіз технологиясын жа-
сау мақсатында зерттеу үшін, әртүрлі синхрофазатрондардың және 
басқа да аспаптардың құрылысына миллиардтаған доллар ақша 
бөледі. Бір немесе басқа мемлекеттердің бірнеше ерекше дарынды 
физиктің «ақыл жаттығуы» үшін орасан көп қаражат шығындай қоюы 
мүмкін бе? Әрине, жоқ. XX ғасырдың соңғы ширегінде пайда болған 
эволюциялық химияның негізгі міндеті – Күн энергиясын электр энер-
гиясына айналдырудың тиімді технологиясын жасау, судың фотолизін 
жүзеге асырып, сутегі отынын алу және т.б. болып табылады.
Бүгінгі таңда ғылымның алдыңғы шебі биологияға келіп 
тірелді. Ғалым-биологтардың алдына қойған міндеттері де тәжірибе 
қажеттіліктерінен келіп шығады. Қазіргі заман генетикасындағы 
микробиологиялық зерттеулер: тұқым қуалайтын ауруларды емдеп 
жазу үшін, осы уақытқа дейін адамзат аштық мәселесін шешпегенін 
ескеріп, өсімдіктер мен жан-жануарлардың өнімді түрлерін өндіру 
мақсатында адам генін, өмірдің басқа формаларын ашып көрсетуге 


300
бағытталған. Халықаралық ұйымдардың деректері бойынша, бүгінгі 
күні аштықтан әлемде бір миллиардқа жуық адам зардап шегеді.
Ғарыштық зерттеулерді айтар болсақ, олар да адамзаттың қазіргі 
заманғы тәжірибесімен байланысқан. Ол зерттеулерсіз интернет те, 
континентаралық қатынастар да, әлемдік телевидение де болмас еді.
Осының барлығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет