тәжірибенің таным үдерісінің негізінде жатқанына сендіреді.
1.2. танымдағы шындық мәселесі Таным барысында алынған білімдер шынайы ма? Ф.Аквинскийдің
айтуынша, адам жаңылысуға бейім. Шындыққа жету – өте қиын
нәрсе. Бұл мәселенің үш жағы бар: біріншісі – адамның биологиялық
табиғаты, яғни оның сезінуі, жүйке жүйесі мен миының ерекшеліктері,
екіншісі – қоғамның өмір сүруінің нақты тарихи шарттары, оның
мәдени ерекшеліктері, ақпаратты өңдеудің қолданылып жүрген
тәсілдері және т.б.; үшіншісі – таным барысында өзінің меншікті
қасиеттерін және зерттелетін нысанның ерекшеліктерін айқындау.
Таным үдерісінің осы үш қыры бір-бірімен табиғи байланысты. Олай
болса:
«біздің білімдеріміздің мазмұнының қандай жақтары адамға тәуелсіз болып өмір сүретін
зерттелуші заттардың өздеріне сәйкес келеді?» – деген сұрақ туады. Бұл сұрақ
танымдағы шындық мәселесінің өзегін құрайды.
Жалпылама айтқанда, әлемде өз бетінше өмір сүретіндей нақты
білімдер жоқ. Бір немесе басқа адамның, әлеуметтік топтың немесе
тұтас қоғамның білімдері бар: олар формасы жағынан субъективті.
Осы тұрғыдан
шындық деп таным барысында алынған білімдердің зерттелетін нысандардың нақты табиғатына сәйкестігін түсіну ке-
рек.
Сонымен қатар біз әлемді зерттей отырып, адамның ешқашанда
шындыққа жете алмайтынын ұмытпауға тиіспіз, өйткені ол – шексіз
үдеріс. Сол себепті шындық туралы ілімде оның:
объективтік, салыс- тырмалы, прагматикалық, когеренттік (өзара келісушілікте, байла- ныста болушылық) жақтары ажыратылады.
Объективтік шындық деп біздің білімдеріміздің: адамға немесе
тұтас қоғамға тәуелсіз болып өмір сүретін зерттелуші нысандардың
меншікті сапалары мен қасиеттерін білдіретін мазмұнын түсінген жөн.
Мысалы, Ай Жерді айналып қозғалады дейтін тезис – ол шындық. Біз
қаншанықты күш жұмсасақ та, Ай өзінің осы айналысын тоқтатпайды.