ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет266/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   382
Байланысты:
Философия

Дара (абсолюттік) шындыққа
келсек, біз ол туралы айтқанбыз. 
Бұл жерде тек сол деп әлем туралы егжей-тегжейлі толық білім 
түсінілетінін айтсақ та жеткілікті.
Негізінде, адамның білімдері 
салыстырмалы
. Ол біздің білім-
деріміздің қашанда адамзаттың нақты тарихи тәжірибесімен 
шектелетініне байланысты. Мысалы, ғалымдар соңғы уақытқа дейін: 
«Марста су бар ма?» – деген сұраққа жауап бере алмай келді, өйткені 
адамзаттың тәжірибесі соған байланысты алға тартылған ғылыми 
жорамалдарды тексеру деңгейіне жеткен жоқ. Тек 2004 жылы ғана 
американдық ғалымдар ұшу аппаратын жіберіп, бұрын Марста су 
болғаны туралы мағлұмат алды. Егер ол солай болса, онда Марстың 
бұрынғы тарихында өмір болғанына күмән жоқ, өйткені, мүмкін, 
вирустар, қарапайым бактериялар түрінде болса да, оны (өмірді) 
ұстап тұрушы су ғана емес пе. Бірақ бұл ғылыми болжамның, өз 
кезегінде, болашақта көбірек дамыған технологиялар пайда болғанда 
тексерілетініне сенеміз.
Келесі жағдай: әр ұрпақтың білімдерінде, 
шынайылармен
қатар, 
қашанда жаңылысушылық элементтері кездеседі. Жаңа ұрпақ кет-
кен ұрпақтың біліміне түзетулер енгізіп, танымды дамыта және жаңа 
шындықтарға жете отырып, жаңа жаңылысушылықтарды да қосады.
Бірақ ол кезде 
жаңылысушылықты өтіріктен
ажырата білу керек. 
Ғылыми танымның қиындықтары зерттеушіні сол сәтте жаңылысуға 
келтіреді, ал ол 
өтіріктің саналы түрде әлдебір мақсаттар үшін на-
сихатталатынын
түсінбейді. Оған «буровщина» (түсініктемесі кітап 
соңындағы түсіндірмеде берілген. – Аудармашы) мысал бола алады.
когеренттік шындықты
айтар болсақ, сол деп жаңадан алынған 
білімдердің
бұрыннан бар, соңғыларды нақтылауға және толықтыруға 
келтіретін 
теорияларға
сәйкестігі ұғынылады. Егер жаңа білімдер ескі 
теорияларға қайшы келсе, онда ғылымда тоқырау басталып, зерттеудің 
жаңа үлгілерін жасау орын алады.
Батыс (американдық) философияда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет