ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


әр саласы зерттеудің  өз әдістерін



Pdf көрінісі
бет281/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   382
Байланысты:
Философия

әр саласы
зерттеудің 
өз әдістерін
жасап 
шығарады. Бұл – оның 
жетілгендігінің
, басқа ғылымдардың арасында 
өз мәртебесін (орнын)
алғанының көрсеткіші. Мысалы, археологияда 
көмбе заттарын қазып алудың әдістері, мәдени қазына ретінде табылған 
заттарды сақтау және өңдеу әдістері бар. Физикада спектралдық тал-
дау, филологияда салыстыру әдісі және т.б. болады. Олар тек өздерінің 
ғылыми саласында қолданылады. Мысалы, спектралдық талдауды фи-
лологияда қолдану мүмкін емес.
Танымның жалпы әдістерінің айқын ерекшелігі – олардың зерттеудің 
белгілі бір сатысында ғана емес, ғылыми танымның кез келген сала-
сында қолданылатындығы болып табылады. Маңыздысы – оларды 
әлдебір жеке ғылымның құралдары ғана жасап шығармайтындығы. 
Олар барлық ғылымдардың, – жаратылыстану ғылымдары бола ма не-


318
месе әлеуметтік-гуманитарлық пән ғылымдары бола ма, – барлығына 
ортақ танымға тән нәрсені білдіреді. Демек, олар, негізінен, болмыстың 
жалпыға ортақ заңдарын зерттейтін философияның басымдығы болып 
табылады.
Эмпириялық (тәжірибелік) зерттеу сатысында 
бақылау, тәжірибе, 
салыстыру, өлшеу
сияқты жалпы әдістер қолданылады. Бұл 
соңғылардың маңыздылығы XX ғасыр ғылымында, яғни адамзат 
микроәлем құбылыстарына енген, салыстырмалылық теориясы мен 
кванттық механика негіздері салынған кезде ерекше айқын көрінді. 
Бұл жерде табиғатта жарықтың жылдамдығына (300000 шақырым/
сек) жақын өтетін үдерістерді өлшеу, қарапайым бөлшектердің (10-32 
см дәрежесі) мөлшерін өлшеу туралы сөз болып отыр. Ол жаңа өлшеу 
аспаптарын жасауға, оларды ары қарай жетілдіруге жеткізді.
Ғылымдағы 
бақылау
жайында біз жалпылама түрде алдында ай-
тып өттік. 
сынақтан өткізу 
туралы айтар болсақ, зерттелетін зат 
оның жорамалды жаңа қасиеттерін ашуға мүмкіндік беретін жасанды 
шарттарға келтіріледі. Ол туралы кейде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет