ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


тұлғаны, оның азаматтық ұстанымын



Pdf көрінісі
бет278/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   382
Байланысты:
Философия

тұлғаны, оның азаматтық ұстанымын
қалыптастыру. 
Кеңес заманы тұсында басты назар әр тұлғаның азаматтық ұстанымына 
аударылып, арнаулы кәсіби білімдерге көп көңіл бөліне қоймады.
Бүгінгі күні білім берудің гуманитарлық құрамдас бөліктері 
жылдан-жылға азайып, керісінше, кәсіби пәндердің саны артып келеді. 
Бұл біржақты дайындықта жетілген, өзінің тар кәсіби саласын ғана 
білетін маман болып шығуға әкеліп соқтырады. Егер қазіргі заманғы 
батыстық стандарттарға мұқият қарасақ, дамыған елдерді тұралатқан 
рухани-адамгершілік тоқыраудың білім берудегі гуманитарлық са-
ланы жете бағаламаудың салдары болғанын байқау қиын емес. Осы 


315
саладағы жалаңаш-жалпы технократизм үміт күткен нәтижелерге 
жеткізбейді.
Әлбетте, білім беру жүйесі бір орында тұрмайды, ол тұрақты 
өзгерісте болады, әсіресе оқу орындарын компьютерлермен, элек-
трондық оқулықтармен, тестілермен, басқа да мультимедиалық оқу 
құралдарымен жабдықтау орын алады. Бірақ кез келген елде 
мыңжылдықтар бойы өзгермеген бір нәрсе бар: ол – 
мұғалімнің, 
Ұстаздың, Оқытушының
білім беру үдерісіндегі 
шешуші рөлі.
бірде-бір техникалық құрал Оқытушы тұлғасын ауыстыра ал
-
майды. 
Бұл – білім беру жүйесінің негізі. Сол себепті 
оқытушылық 
қызметтің мәртебесін
көтеру арқылы ғана елдегі білім беру жүйесін 
ары қарай дамытып, жақсартуға болады.
1.4. ғылыми таным әдістері
Әлемдік тарихтың бастамасында, сана-сезімі оянған кезден-ақ, 
адам өзін қалған әлемнен бөлектей бастады және сонымен бірге 
табиғаттағы 
әрбір заттың
ерекше 
дара
тіршілік ететінін байқады. Бұл 
бастапқы тәжірибе 
заттардың
, табиғат құбылыстарының 
атауында
бекіп, ерекше, дара ретінде қаралатын болды. Өзінің бөлек тіршілік 
етуін түйсінумен қатар, тамақ, баспана, қорғаныс іздеу және ол 
қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында адам қоршаған әлемдегі 
заттармен өзінің 
байланыстылығын
көрді, қоршаған ортадағы жеке-
леген заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты байқай бастады.
Алғашында ол өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланған 
заттар оған ғажап, қайталанбас, бұрын ешқашан кездеспеген заттар 
болып көрінді. Ол заттар оның қажеттіліктерін өтейтін болған соң, 
олар оның санасында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет