ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


Тарихи және логикалық (қисынды) зерттеу



Pdf көрінісі
бет292/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   382
Байланысты:
Философия

11. Тарихи және логикалық (қисынды) зерттеу. 
Ғылыми танымда 
тарихи және логикалық зерттеу
әдістері бірге қолданылады. 
тарихи 
әдіс
бір немесе басқа құбылыстың қалай пайда болғанын, даму бары-
сында қандай сатылардан өткенін, осы жолда басқа үдерістер арқылы 
қалай бұрмаланғанын анықтауға мүмкіндік береді. Аталған әдіс әсіресе 
қоғамдық ғылымдарда кеңінен пайдаланылады. Мысалы, тәуелсіздік 
алғаннан кейін республика қандай кезеңдерден өтті, оның жолында 
қандай кедергілер болды, қазір ол қандай күйде және т.с.с. 
логикалық 
зерттеу,
компьютер тілімен айтқанда, 
заттың дамуының ішкі 
бағдарламасын
немесе, Аристотельдің сөзімен айтқанда, оның 
«эн
-
телехиясын» 
анықтайды. Демек, логикалық зерттеу – қысқартылған 
тарихи зерттеу, ал соңғы – логикалық зерттеудің басқа болмысы.
12. Дерексіздіктен нақтылыққа өрлеу. 
Дерексіздіктен нақтылыққа 
өрлеу
– танымның ең күрделі әдістерінің бірі. Бұл әдістің мәнін 
анықтау үшін, алдымен 
«сезімдік нақтылық»
және 
«ойша нақтылық» 
деген ұғымдарды түсініп алу керек.
Күн сайын біз айналамыздағы көптеген заттарды көреміз. Оларды біз 
әлдебір тұтастықтар деп қабылдаймыз. Оларды табиғаттың «сезімдік 
нақтылық» денелері деп белгілей аламыз. Алайда олардың ішкі мәнінің 


330
не екені туралы біз ештеңе білмейміз. «Ойша нақтылықты» танып білу 
барысындағы жетістіктеріміз заттың ішкі логикасын түсінуге анық 
көмектеседі. Бірақ ол жолдың өзі – өзгеше күрделі және қиын жол.
«Ойша нақтылықты» түсіну үшін, «сезімдік нақтылықтан» жал-
пы түсініктерге өту керек. Ол үшін, жоғарыда көрсетілген әртүрлі 
әдістерді пайдалана отырып, жеке алғанда белгілі бір топ заттарының 
тектік қасиеттерін білдіретін әртүрлі әдістер құру қажет. Нәтижесінде, 
бір немесе басқа ғылымның санаттық (ұғымдық) жиынтығы 
қалыптасады. Алайда оның негізгі кемшілігі дерексіздікте жатыр. Мы-
салы, қазіргі заманғы саясаттануда демократияның абстракциялық
теориясы бар. Ал егер біз оны нақтыласақ, онда әлемнің әр елдерінде 
демократияның түрліше көрінісін табамыз, өйткені әр елдің 
көпжылдық өзіндік даму жолы, шаруашылық жүргізу тәжірибесі 
және қоғамдық өмірді ұйымдастыру әдісі бар. Сондықтан, мысалы, 
қазақстандық демократияның «ойша нақтылық» үлгісін жасау үшін, 
қазіргі заман саясаттануының санаттық жиынтығын пайдалана оты-
рып, оның елімізде көрініс беруінің формасын айқындауға тиіспіз. 
Бұл жағдайда біз «ойша нақтылыққа» өрлеуді жүзеге асырамыз. Сон-
да қоғамымыздың демократия жолындағы қозғалысының өзгешелігі 
бізге түсінікті болмақ. Бұл айтылғанды ғылымның басқа саласына да 
көшіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет