ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет299/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   382
Байланысты:
Философия

1.5. ғылыми танымның дамуы
Ғылымның дамуы мәселесі ғылым философиясының ең негізгі 
мәселелерінің бірі болып табылады. Ғылыми таным деректер және, 
тиісінше, теориялар қорын сан жағынан кеңейту арқылы жай 
эволю-
циялық
жолмен дами ма немесе 
секіріс, түбегейлі өзгерту,
бұрынғы 
сатыда қол жеткен көзқарастар мен ұстанымдарды терістеу арқылы 
жаңа сапаға өту жолымен дами ма? 
Ғылым ғылыми білімдерді бірте-бірте жинақтау арқылы 
кумулятивтік
жолмен дами ма немесе бұрынғы тұжырымдамаларды, 
постулаттарды, түсініктерді теріске шығару арқылы 
кумулятивтікке 
қарсы
жолмен дами ма?
Ғылыми білімнің дамуын ғылымның өзінің 
ішкі
логикасына 
(ин
-
тернализм)
сүйеніп немесе ғылымға қатысты әлеуметтік-мәдени және 
басқа факторлардың сыртқы әсері 
(экстернализм)
арқылы түсінуге 
бола ма?
Барлық осы жоғарыда көрсетілген сұрақтарға ғалымдар әртүрлі жа-
уаптар береді.
Кумулятивтік
тұжырымдаманы жақтаушылар ғылымның дамуын 
тұрақты үдеріс деп қарайды: И.Ньютонның ойшылдар туралы және 
алыптардың иығында отырған ергежейлілерге қатысты кең танылған 
ойын еске түсіріңіз. Неміс классикалық философиясынан, Гегельдің 
шығармашылығынан біз Дара идеяның қоғам адамы арқылы өз-өзін 
тануының қалай болып жататынын айқын көреміз. Позитивизмнің 
негізін салушы О.Конт та соған ұқсас көзқарастарды ұстанып, адам 
рухы дамуының үш: әлемдегі барлық үдерістер Құдай берген күш-
қуат арқылы түсіндіріледі дейтін 
теологиялық
(діни); ұлы философтар 


336
барлығын қамтитын метафизикалық жүйелерді құрған 
метафизика-
лық
(философиялық) және 
оң
(ғылыми) сатыны мойындайды. Ғылым 
дамуын кумулятивтік түсіну – жаңа ғылым қашанда ескіден гөрі 
жетілген және дәл дегенге саяды. Олай болса, бұрын жинақталған 
(кумулятивтік) білімдер бүгінгі ғылымның алдыңғы тарихы ретінде 
әрекет етеді. Бұл жағдай алдыңғы мыңжылдықтарда өмір сүрген 
адамдардың өмірі, күйзелістері, ашқан жаңалықтары, қуаныштары 
мен қасіреттері осы жетілген қоғамдағы тұлғаның гүлденуіне 
арналған құнарлы топырақ ретінде ғана қаралатын коммунизм идея-
сын есімізге түсіреді. Осындай көзқарас болғанда, әлеуметтік-мәдени, 
психологиялық, тұлғалық және басқа да факторлар ғылым дамуында 
өзінің мағынасын жоғалтып, ішкі сана-сезімінен айырылады. Міне, 
осы жағдайларды алғаш рет Э.Барт айқын көрсеткен-ді. Оның ойын-
ша, әрбір ғалым әрдайым өз заманының әлем жайындағы идеяларын 
бөліседі және адамның сана-сезімінің өзінде метафизика элементтері 
қашанда бар. Ғылыми танымның философиямен өзара байланысы ту-
ралы бұл идея ғылыми таным дамуының жолдарын ары қарай жете 
ойластыруда елеулі рөл атқарды.
XX ғасырдың ортасына қарай ғылыми танымға біртіндеп және 
үздіксіз жүретін үдеріс ретінде қарайтын көзқарас қабылданбайтын 
көзқарасқа айналды – 
ғылымдағы революция идеясы
пайда болды. 
Алғаш рет ол идеяны өзінің «Галилей этюдтері» деп аталатын еңбегінде 
а.койре
айтқан-ды. Оның пікірі бойынша, Жаңа дәуірдің ғылымы 
аристотельдік метафизикадан жаңа (сол заманғы) метафизикаға өтудің 
нәтижесінде секіріс, яғни революция жасады. Ғылымның бірқалыпты 
және дәйекті дамуы фактілердің жинақталуы есебінен емес, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет