ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет297/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   382
шындықты саналы түрде бұрмалау
түсінілген. 
Сопылықтың осы уақытқа дейін, әсіресе саясатта өмір сүріп келуінің 
себебі қоғамдық өмірдің төтенше күрделілігі, яғни әртүрлі әлеуметтік 
топтардың кейде мүлдем кереғар мүдделер мен мақсаттарды 
көздейтіндігі болып табылады. Екінші жағынан, қолында билік бар 
таңдаулы топтың әртүрлі «пиар-технологиялардың» көмегімен қоғамға 
өз мүдделерін таңуы орын алады.
Эклектикаға келсек, ол – 
қосылмайтынды қосу,
ол тағы да 
әлдекімдердің мүдделері үшін немесе жаңылысу, зерттелетін нысанның 


334
табиғатын атүсті тану нәтижесінде іске асады. Оған «екі қошқардың 
басы бір қазанға сыймайды» деген мәтел дөп келеді.
Әлбетте, әдістеме, таным қоғамның, ғылым мен техниканың 
жетілуімен қатар дамиды. Батыста өткен ғасырдың 80 жылдарында 
танымның жаңа саласы – 
синергетика
(грекше – келісілген әрекет) 
пайда болды. Оның негізін салғандар И.Пригожин мен Г.Хакен болды. 
Материалистік бағыттың философтары ертеден-ақ 
материяның
ішкі 
қуатын, оның 
өздігінен дамуға
қабілетін таныған. Бірақ бұл постулат 
дерексіз, нақты, шынайы мазмұнмен бекімеген күйінде қалып қойды. 
XX ғасырдың 70 жылдарында ғана Г.Хакен мен И.Пригожин 
синер
-
гетика
деп аталатын жаңа ғылымның негіздерін құрып, ол мәселенің 
шешімін тапты. Бүгінгі таңда синергетика 
өз-өзін қалыптастырудың
теориясы ретінде қарастырылады. Оның негізгі постулаттары:
1. Ғаламда бір-бірімен өзара байланысты екі үдеріс бар: біріншісі – 
бүліну, ыдырау, энтропия, бейберекеттікке ұмтылу; екіншісі – келі-
сілген әрекеттер арқылы тәртіпке ұмтылу, күрделену, қайта өрлеу.
2. Тәртіпке ұмтылудың және күрделенудің реті (алгоритм)
төмендегілерді қажет етеді:
а) дамушы жүйе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет