ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет348/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   382
Байланысты:
Философия

«тотем»
және 
«тыйым»
бұл мәселені гносеологиялық түсінуге жақын, өйткені: 
«Біз қайдан пайда болдық?» – деген сұрақтың тууын, сондай-ақ аға-
қарындастар арасындағы туыстық қатынастарды табуды қажет етеді.
Біздің көзқарасымыз бойынша, шындыққа 
«бейбіт өмір қажеттігі» 
тұжырымдамасы жақын, оның үстіне, ол бірқатар фактілерге 
негізделген. Археологтар алғашқы тұрғын-жайлардың орнынан бір 
мәнермен өлтірілген адамдардың бас сүйегін тапқан. Сол заманның 
адамдары құрбанының ту сыртынан жасырынып келіп, шүйдесінен 
өткір таспен ұрып өлтіретін болған. Зерттеулер ол бас сүйектерінің 
барлығы да еркектердікі екенін көрсеткен. Әйелдерді иемдену үшін, 
еркектер бір-бірлерін өлтірген деген болжам жасалған. Еркектер аң ау-
лаушылар болғандықтан, олардың санының азаюы үйірдің өзінің өмір 
сүруді жалғастыруына қауіп төндіреді. Сол кезде қанның араласуына 
тыйым салынған.
Тарихи фактілерге сүйене отырып, біз адам мен қоғамның пайда 
болуын ойша қайта құрып шығуға тырыстық. Әлбетте, бұл жерде әлі 
танылмаған нәрсе көп. Көптеген ауыспалы формалар әлі де табылған 
жоқ. Солай болғанмен, жүргізілген талдаудың өміршеңдігіне сенгіміз 
келеді.


391
Адамның сана-сезімі пайда болған уақыттан бастап, ол өзін 
қоршаған ортаға қарсы қойып келді, ол өзіне: 
«адам деген кім? Оның 
өмірінің мәні қайдан шықты және неде?»
– деген қасиетті сұрақ 
қойды. Ұлы Сократ өзінің Ғаламнан шыққанын айтты. Адам, – осы 
әлемдегі басқалары сияқты, тәні бар тіршілік иесі, бірақ оған қоса, ол 
рух болып табылады, оның мазасыздыққа, мақсат-ниеттерге, қуаныш 
пен күйзеліске, шабыт пен шығармашылыққа толы 
ішкі ғаламы 
бар. Егер оны осы қырынан алып қарасақ, онда ол және қалған әлем 
арасындағы айырмашылық шексіздікке кетеді. Сондықтан да кез кел-
ген дін әлі күнге дейін адамды Құдайдың жаратқаны туралы қағиданы 
ұстанумен келеді.
Философия адам мәселесін негізгі мәселе ретінде қарайды. Бүгінгі 
күні гуманитарлық пәндердің өкілдері ғана емес, сонымен бірге жара-
тылыстанушылар да 13,7 миллиард жыл бұрын жаратылған Ғаламның: 
есепсіз көп кездейсоқтықтардың шиеленісуі арқылы өмірді, содан 
кейін биік гүл – санаға ие адамды туғызуға тиіс болған «Үлкен жары-
лыс» нәтижесінде орнағаны туралы «антроптық қағиданы» ұстанады.
Ғасырлар бойы ойшылдар адамға әртүрлі анықтамалар беріп келді. 
Оның ішінде ең көп тарағаны – 
«Homo Sapiens»
, яғни адам ақыл-
парасатқа ие. Ол туралы біз кітабымыздың беттерінде көп айттық.
Америка конституциясы әкелерінің бірі Б.Франклин адамға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет