ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


генезис – шығу, пайда болу тегі; дамып жатқан құбылыстың  құрылу немесе қалыптасу үдерісі. гомеостазис



Pdf көрінісі
бет370/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   382
Байланысты:
Философия

генезис
– шығу, пайда болу тегі; дамып жатқан құбылыстың 
құрылу немесе қалыптасу үдерісі.
гомеостазис
– өздігінен реттелетін күрделі жүйелерге тән және 
рұқсат етілетін шектерде сақтау үшін елеулі маңызы бар өлшемдер 
жүйесін қолдаудан тұратын серпінді тепе-теңдік тұрпаты.
ғылым
– 1) әлем туралы объективтік, жүйелі ұйымдастырылған 
және негізді білімдерді құрауға бағытталған танымдық қызметтің ерек-
ше түрі; 2) ғылыми танымдық қызметтің жұмыс істеуін қамтамасыз 
ететін әлеуметтік институт.
ғылым психологиясы
ғылым философиясымен, когнитология-
мен және ғылымтанумен шекаралас сипаты бар жаңа психлогиялық 
пәндердің бірі. Оның зерттеу нысанасы жеке ғалымдардың да, ғылыми 
ұйымдардың да ғылыми қызметін психологиялық әдістермен зерттеу 
(тестілер, статистикалық, өмірбаяндық және әлеуметтік әдістер) болып 
табылады.
ғылыми білім деңгейлері
– пәні, әдістері, қызметтері бойын-
ша ғылыми білімнің әрқилы сапалы, жеке бір ғылыми пән аясында 
біртұтас жүйеген біріккен түрлері. Кез келген дамыған нақты-ғылыми 
пәнде ондай үш: эмпириялық, теориялық және метатеориялық деңгейді 
ажыратуға болады. Олардың бірлігі кез келген ғылыми пән үшін оның 


416
салыстырмалы дербестігін, орнықтылығын және өз негізінде дамуға 
деген қабілетін қамтамасыз етеді.
ғылымтану
– ғылымның жұмыс істеуін, дамуын, ғылыми білімнің 
құрылымын және серпінін, ғылыми қызметін, ғылымның қоғамның 
басқа әлеуметтік институттары мен материалдық, рухани салаларымен 
өзара қарым-қатынастарын зерттейтін пән.
ғылымның даму заңдылықтары
– қолдан жасалу сипаты-
на қарамастан, ғылымның жүйе ретінде бірқатар объективтік 
даму заңдылықтары бар. Олардың аса маңыздылары: 1) үзіліссіз-
дискреттік сипат (оның сапалы секірістері, когнитивтік мазмұнының, 
құрылымының және әлеуметтік-мәдени қызметтерінің революциялық 
өзгерістері бар дамуында эволюциялық кезеңдердің алмасып отыруы 
(бұл тұтас ғылымның өзінің де, оның жекелеген салалары мен тео-
рияларына да қатысты); 2) ғылыми мағлұматтың, ғалымдар саны мен 
ғылымға жұмсалатын материалдық шығындардың экспоненциалдық 
өсуі; 3) білімдік және институттік көзқарас бойынша ғылым құры-
лымын күрделендіру; 4) ғылымның мәдениет жүйесінде, әсіресе 
материалдық қызмет және т.б. саласында салыстырмалы салмағының 
артуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет