ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет372/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   382
жаңалық енгізу үдерісі
іргелі ғылымды, қолданбалы 
зерттеулерді, жобаларды, маркетингті, өнімнің жаңа түрін саралап 
өндіруді қамтитын жүйелілік немесе жаңа технология құру және 
қолданудағы, сондай-ақ бұйым жасаудағы соған ұқсас жүйелілік.
идеогенез
– ғалым тұлғасының маңызды өлшем-белгілерінің бірі; 
ол ғалымның оған дейін туған және айтылған ғылыми идеяларды 
игеріп және бойына сіңіріп, кейіннен дамытатын, оларға жаңаша үн 
мен түсінік беретін ерекше қасиеттерін сипаттайды. «Идеогенез» са-
наты ғылымда мүлдем жаңа, оның алдындағы баламаларсыз идеялар 
болмайтын жағдайды баса көрсетеді. 
идеографиялық
әдіс – бұл гуманитарлық білімдердің (неокантиан-
дықтар, негізінен, тарихты айтады) әдісі; оның міндеті – жеке-дара 
құбылыстардағы маңызды қасиеттерді сипаттау (сондықтан ол «да-
ралау әдісі» деп те аталады). Маңыздыны сипаттау «құндылықтарға 
жатқызу» жолымен іске асырылады.
имманентті
– әлдебір заттың, құбылыстың табиғатынан шығатын, 
соған тән ішкі қасиет.
индуктивизм
– ғылым философиясындағы ғылыми танымда 
индукцияның рөлін асыра көрсетуге негізделген эмпириялық парадиг-
ма нұсқаларының бірі. 
инновация
– жаңадан құру, жаңарту немесе жаңалық енгізу дегенді 
білдіреді.


418
инструментализм
– соған сәйкес көпшілік теориялық түсініктердің, 
оның ішінде тұтастай ғылыми теориялардың да эмпириялық мазмұны 
болмайтын және осы мағынасында объективтік әлемнің сипаттамасы 
бола алмайтын философиялық-әдістемелік тұжырымдама. Сол себепті 
оларға объективтік шындық немесе жалғандық сипаттамасын қолдану 
тіпті мүмкін емес. Теориялық білімнің мақсаты мен құндылығы 
басқада – эмпириялық білімді қалыптастырудың және, бәрінен бұрын, 
оның логикалық реттілігін құрудың жақсы құралы болуда жатыр.
интерминизм
– соған сәйкес себепті байланыстардың болуы не-
месе себепті түсіндірменің танымдық құндылығы ғылымда теріске 
шығарылатын философиялық-ғылыми тұжырымдама. Индетерминизм 
Табиғаттың ғажап тұтастығы мен дамуын түсіндіру үшін, Табиғаттың 
өздігінен жетілуін терістейтін, Құдайға жүгінетін діни болуы да, 
Табиғаттың өздігінен жетілуі идеясынан келіп шығатын табиғи да бо-
луы мүмкін.
интернализм
– тарих жазудағы және ғылым дамуының теория-
сындағы бағыт; соған сәйкес ғылым дамуының басты қозғаушы 
күшін оған имманентті тұрғыда тән ішкі мақсаттар, құралдар және 
заңдылықтар құрайды; ғылыми білім өздігінен дамитын жүйе ретінде 
қаралмауы керек, мазмұны оның болмысының әлеуметтік-мәдени 
шарттарына, әлеуметтің дамығандығының дәрежесіне, оның әртүрлі 
қосымша жүйелерінің (экономика, техника, саясат, философия және 
т.б.) сипатына байланысты емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет