ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет377/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   382
сәйкестік ережесі
– ғылымның белгілі бір саласында ескі тео-
рия мен оны ауыстырушы жаңа теориялық тұжырымдама арасын-
да «тиісті» қатынастар орнатудың реттеуші қағидасы. Осы қағидаға 
сәйкес, жаңа теория ескі теория одан жеке немесе шекті деп алынатын 
жағдайда ғана «жақсы» болып табылады.
сенсуализм
– танымның жалғыз бастауы деп сезінуді мойындай-
тын философиялық ілім (оған қарама-қарсы ілім – таным бастауы деп 
ақыл-есті мойындайтын рационализм).
синергетика
– ашық жүйелерде (биологиялық, физикалық-
химиялық және басқадай) құрылатын құрылыс элементтері (қосымша 
жүйелер) арасындағы байланысты зерттейтін ғылыми бағыт.
субстрат
– философия мен ғылымның материалдық нысандар 
мазмұнының маңызды түрін білдіретін санаты, негізінде, оған әртүрлі 
нысандардың түрі бойынша көптеген мазмұндарын жатқызуға болады.
сциентизм
– 1) ғылым туралы, әсіресе жаратылыстануға қоғам-
дық өрлеудің басты факторы деп қарайтын көзқарас; 2) XIX-XX 
ғасырлардың әлеуметтік ғылымындағы ағым; әдістері бойынша да, 
қоғамдағы атқаратын қызметтері бойынша да әлеуметтік ғылымдарды 
табиғи ғылымдарға ұқсатуды міндет етіп қойған ағым.
табиғи ұстаным
– үйреншікті және жаратылыстанымдық-
ғылымдық бағдарды білдіретін құбылыстық түсінік: онда санамен 
жанама күйге келтірілген тәжірибе дұрыс, тікелей деп қабылданады. 
Табиғи ұстаным сонымен бірге «табиғаттық», «догматтық», «әлсіз-
теориялық» деп те аталады және құбылыстық ұстанымға қарсы 
қойылады, ал оған өту құбылыстық дәуір көмегімен іске асырылады.
телеологизм
– әлемнің: жанды табиғаттағы ғана емес, жансыз 
табиғаттағы да барлық үдерістер мен құбылыстардың себептерін 
мақсатты анықтаудың (детерминация) жалпыға бірдей сипатын мо-
йындайтын ғылыми тұжырымдамалары және бейнесі.
телеология
– объективті әлемнің құбылыстарын және адамның 
қызметін түсінуде және түсіндіруде маңызды (кейде шешуші) орын 
мақсат, қызмет, мағына, маңыз ұғымдарына берілетін тәсіл.
технократизм
– қоғамның материалдық қызметінің ғана емес
тұтастай алғанда, оның әлеуметтік өмірінің де жетілуінде техниканың, 
технологиялардың, ғалымдардың рөлін асыра көрсететін әлеуметтік-
философиялық тұжырымдама.
трансценденттік
– адам тәжірибесінің, адамның сезімдік те, 
ұтымды (трансценденталдық) та танымының шектерінен тыс жатқан 


423
және сол себепті танымның емес, таза сенімнің нысанасы бола алатын 
әрекет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет