ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет375/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   382
номотетикалық әдіс
бұл жаратылыстану әдісі, оның міндеті 
құбылыстарды қорытындылау негізінде заңдар белгілеу болып табы-
лады (ол топтап қорыту әдісі деп те аталады).
ноосала
– биосаланың жаңа даму ахуалы. Ноосала барысында 
адамның саналы қызметі оның дамуындағы шешуші факторға айна-
лады. «Ноосала» түсінігін қолданысқа француз ғалымдары Э.Леруа 
және П.Тейяром де Шарден (1927 ж. туған) енгізген. В.И.Вернадский 
ноосала туралы көзқарасты адамның ғылыми ойға негізделген 
әлемді өзгертудегі шығармашылық қызметінің нәтижесінде табиғат 
пен қоғамның өзара қатынасы барысында пайда болатын ұйымдас-
тырушылықтың жаңа сапалы формасы ретінде ары қарай дамытты.
Операционализм
– ғылым философиясы мен әдістемесіндегі 
бағыт. Соған сәйкес, кез келген ғылыми ұғымдардың (әсіресе 
жаратылыстанудағы) мағынасы әлдебір заттардың (денотаттар), 
олардың осы түсінікпен аталатын қасиеттерінің көптігі емес, атқары-
латын шаралардың (бәрінен бұрын материалдық, табиғи) жиынтығы 
болып табылады.
өмір
– 1) болмыстың қоршаған ортамен заттектерді және энер-
гияны таңдап алмасуға, өзінің өмірлік қызметтерін іске асыру үшін 
оларды өңдеуге және игеруге, шексіз қайта тууға, қоршаған ортаға кең 
ауқымда бейімделуге қабілетті, жоғары ұйымдасқан формасы (бірлігі 
де). Өмірдің аса қарапайым формалары болып бактериялар мен микро-
организмдер әрекет етеді; 2) мақсатқа сай болмыс; 3) бірбүтін және са-
намен ұғынылған болмыс.


421
парадигма
– нақты ғылыми қауымдастықта ғылымның белгілі бір 
саласында жалпыға бірдей қабылданған функционалдық теория.
парағылым
– ғалымдардың тиісті қауымдастығы мүшелері ара-
сында ғылыми таным жүйесінің толық құқылы элменттері деп тану-
да оларға қатысты мығым консенсус (пәтуа) болмайтын идеялар мен 
тұжырымдамалар (мысалы, парапсихология, евгеника және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет