ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет374/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   382
Қорытындылау
– білімді ойша жалқыдан жалпыға өту жолымен 
арттыру әдісі, оған абстракцияның жоғарырақ сатысына өту де сай 
келеді.
логицизм
– XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында пайда 
болған математика философиясындағы бағыт. Оның мәні математика-
ны логикаға (математикалық) келтіруге тырысу, сөйтіп, математиканың 
шынайылығын және қарама-қайшылықсыздығын негіздеуде жатты.
мәдениет
– (лат. – Cultura – тәрбие, білім, жетілу, құрмет тұту) – бұл 
адам қарекетінің (қызметі, мінез-құлқы және қарым-қатынасы) биоло-
гиядан жоғары тұрған, оның барлық көріністерінде әлеуметтік өмірді 
қайта жасау және өзгертуді қамтамасыз ететін бағдарламаларының та-
рихи дамитын жүйесі.
метатеориялық білім
– ғылыми білімнің аса жоғары деңгейі; 
ғылыми теориялардың негіздерін құрайтын пікірлердің (тұжырым-
дардың, ұстанымдардың, әлемнің ғылыми бейнесінің, ғылым 
зерттеулердің мақсат-мұраттары мен нормаларының және т.б.) көпшілігі. 
Ғылыми білімнің жүйелі сипатына байланысты мететеориялық білім, 
бірінші кезекте, тікелей маңызды ғылыми теорияларға (математикада – 


420
арифметика мен геометрияға; физикада – механикаға, биологияда – 
түрлердің дамуы теориясына және генетикаға және т.б.) жатады.
метафилософия (ғылымның)
– философияның: мақсаты әртүрлі 
логикалық мүмкін болатын және тарихи іске асырылған ғылым фило-
софиясы тұрпаттарына (ғылымның айқын философиясы, ғылымның 
классикалық емес философиясы, ғылымның постмодернистік фило-
софиясы), олардың когнитивтік-құндылықтық құрылымына, интер-
претативтік мүмкіндіктер мен әлеуметтік-мәдени негіздемелерге, 
ғылымның нақты тарихы мен оның сана-сезімінің байланысына тал-
дау жасау болып табылатын саласы.
номогенез
– «заңдылықтар негізінде даму» – орыс географы 
және биологы Л.С.Берг (1922 ж. туған) ұсынған және сол арқылы 
Дарвиннің жай генетикалық, яғни заңдарға да, заңдылықтарға да емес, 
кездейсоқтыққа негізделген сияқты табиғи іріктелу тұжырымдамасына 
қарсы қойылған тұжырымдама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет