принцип (қағида, ұстаным) – танымдық, іс жүзіндегі және руха-
ни қызметті жүзеге асыруға қойылатын белгілі бір талаптан тұратын
нормативтік жалпы пікір (салыстырмалылық қағидасы, сәйкестік
қағидасы, тиімділік қағидасы, моральдық қағидалар және т.б.).
пролиферация – П.Фейерабендтің ғылым философиясындағы:
өзара бір-бірін теріске шығаратын әртүрлі ғылыми болжамдар мен
теориялардың көбеюін, мейлінше ұлғаюын ғылымның табысты
өркендеуінің қажетті шарты деп санайтын негізгі ұғымдардың бірі.
Редукционизм – ғылыми білім синтезін қамтамасыз ету жөніндегі
жалпы зерттеу стратегияларының бірі. Таным теориясында редукцио-
низм түсіндірудің тиісті қағидасы ретінде қолданылады.
Релятивизм – білімнің объективтік мазмұнын терістейтін адам
танымының салыстырмалылығы, шарттылығы және субъективтілігі
туралы ілім; этикалық релятивизм – міндетті адамгершілік нормалар-
ды және адамгершіліктіктің объективті әлеуметтік белгісін терістеу.
Релятивтілік – салыстырмалылық, «абсолюттік» деген түсініктің
қосарлы қарсыласы.
Рефлексия – 1) ойға шому, өз-өзін бақылау, өз-өзін тану. 2) фило-
софияда – адамның өз іс-әрекеттерін және оның заңдарын ұғынуға
бағытталған теориялық қызметінің формасы. 3) философиялық-
әдістемелік рефлексия – ойға бату, толық күмәндану, қарама-
қайшылықтар.
Руханилық – адамда дүниетанымдық құлшыныстарға тәуелсіз
тұлғаны айқындайды, оған: ақыл-парасат, өз қадір-қасиетін сезіну,
белсенді өмірлік қағида, жан дарқандығы, белгілі бір адамгершілік-
этикалық мұраттарды ұстану, отбасы, туыс-жақындары, қоғам
алдындағы іс-әрекеттері үшін жоғары жауапкершілік көтеру, борышын
түсіну, ізгілік, пайда көздемеу, аяушылық таныта білу, жәрдемдесу,
сүю сияқты қасиеттер жатады.
санаттық апперцепция – ғылыми танымның алдыңғы тарихи
тұрпаты санаттарының торы, яғни соның сүзгісі арқылы ғылымда кез
келген танылушы мазмұн қабылданады.