ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет64/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   382
Байланысты:
Философия

«түсіну үшін сенемін»
, – дегенге, содан кейін: 
«сену 
үшін түсінемін»
, – дегенге ауыстырған.
Августиннің ойынша, адам өзінің ой-толғаныстарында күмәндануға 
жол бере алмайды. «Шынайы дін туралы» деген еңбегінде ол: 
«Күмәнданатынын санамен түйсінетін адам оны (өзінің күмәнін) 
әлдебір шындық деп түсінеді», – деп жазды. Бірақ ол кезде Құдай 
ғана (одан басқа ешкім де емес!) «біздің нұрлануымыздың Әкесі» 
бола алатынын естен шығармау керек. Адам Құдай идеяларын енжар 
қабылдауға ғана қабілетті, ал нағыз шындықтарды танып білу – бұл 
Құдай еркімен нұрланудың жүзеге асуы.
Августин Құдай болмысының үш дәлелін келтіреді. Біріншісі –
бізді қоршаған 
әлемнің мүлтіксіздігі.
Оның алуан түрлілігі мен 
өзгермелілігіне қарамастан, бұл жерде белгілі бір логика, тәртіп, 
үйлесім орын алады, өйткені әлем – Жаратушыға сілтеме жасайтын-
дай бейберекетсіздік емес.
Екіншісі – 
«consensus gentium»
(лат. – ізгілікті келісім): барлық 
адамдар алдын ала келіспестен-ақ өзінің жан-жүрегінен Құдайды та-
бады.
Үшіншісі – 
игіліктің
Жоғарғы Игілікті, демек, Құдайды көрсете-
тін 
әртүрлі баспалдақтары
бар.
Құдайдың үштігін қарастыра келе, Августин Ол жаратқан Әлемнің: 
бірлік, форма
және 
тәртіп
деген үш жағы бар деп санайды. Адам бо-
йынан біз де ақыл, таным және сүйіспеншілік табамыз.
Адам мәселесін қарастыра келе, Августин оны философиядағы 
маңызды мәселе санайды. Ол кезде бәрінен бұрын өзінің ішкі әлемін 


76
барлық қарама-қайшылықтарымен қоса ашып көрсете отырып, ба-
рынша нақтылыққа қол жеткізеді. «Мен өзім үшін үлкен мәселеге ай-
налдым, – дейді ойшыл. – Өзімнің бойымда бардың барлығын бірдей 
қамти алмаймын». Адамның ішкі қарама-қайшылығы, оның пікірінше, 
еріктің қисықтығынан келіп шығады. Адамның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет