ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет65/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   382
Байланысты:
Философия

ақылы білгенмен, 
еркі таңдайды,
яғни соңғы шешімді қабылдайтын сол екен. Бұл жер-
де біз адам жамандықты білмегендіктен істейді деп санайтын Сократ-
пен салыстырғанда, ойшылдың түбегейлі жаңашылдығын көреміз. 
Августин бойынша, адам бұның жаман екенін біледі, бірақ оны соған 
тартып тұрғандықтан да, сол жамандықты істейді. Бұның себебін ол 
алғашқы күнәдан, адамның менмендігінен көреді.
Таным мәселелерін А.Августин келесідей жолмен шешеді: таным 
сезінуден басталады. Адамды қоршаған дүние біздің сезімдерімізге 
әсер етеді, ал жанымыз оларды белгілі бір тәртіпке келтіреді. Алайда 
тәннің сезімдік әлемі өне бойы өзгерісте болса, ал ол кезде ой тұрақты 
болады. Заттарды көру үшін, Күннің жарығы қажет. Соған ұқсас, 
шындыққа жету үшін, ерекше жарық – Құдай идеясы қажет. Онда үш 
бастау бар: 
1. заттардың бар болуы. 2. Олардың адамға ашықтығы. 
3. танымдылық.
А.Августиннің ойы бойынша, Құдай – шындық, олар бір-біріне 
ұқсас, парапар. Сонымен бірге олар әртүрлі. Шындық – Құдайдың 
ойы. Бұл жерде Платонның «Идеялар әлемі» ойға оралады. Алай-
да августиндік түсініктің Платон түсінігінен айырмашылығы – ол 
Құдайдың әлемді жаратудың алдындағы ойы.
А.Августиннің әлеуметтік-саяси идеяларын оның 
«жердегі және 
аспандағы қалалар»
туралы ілімінен көруге болады. «Жердегі 
қалаларда» адамдар байлыққа, құрмет-қошеметтерге, атаққа ұмты-
лады. Бұл жерде махаббат (cupiditas – лат. – құмарлық) болса, ал 
«аспандағы қалаларда» риясыз сыйлайтын махаббат – charitas (лат. – 
риясыз сый) бар. Жердегі қалада адамдар өздерін әлемнің билеушісі 
ретінде сезінсе, ал аспандағы қаланың адамдары бәрін өздерімен бірге 
алып жүретін дәруіштер іспетті. Мемлекет зорлық-зомбылықпен, 
қарақшылардың топтарымен күресе отырып, адамдардың бірлесе өмір 
сүруін ұйымдастыру үшін құрылады. Бірақ, егер қоғамда әділеттілікке 
қиянат жасалса, тәртіпсіздікке жол ашылса, онда мемлекеттің өзі 
қарақшылардың үлкен бір тобына айналады.
Августин мемлекет пен шіркеуді бір-бірлеріне қарсы қойды. Егер 
мемлекет, оның пікірінше, күнәлардың патшалығы болса және өзін ғана 
сүюге негізделсе, ал шіркеу – ол Құдайға шын берілген сүйіспеншілік, 
ол Құдай патшалығының жердегі өкілі.


77
Дәл осы идеялары арқылы сенімдегі философиясын жүргізе, 
адамгершілік құндылықтарды уағыздай отырып, А.Августин 
адамгершілік және этикалық бағдарларды көрсетіп, замандастарына 
және барлық келесі философияларға орасан зор ықпал етті. Адамның 
құндылығы оның басқа адамдарға деген махаббатының дәрежесімен 
айқындалады. Ойшылдың сөзімен айтқанда, адамды сүй, сол кез-
де қалағаныңның бәрін істе. Өз атымыздан қосарымыз: сүйетін адам 
жамандыққа бармайды, ол тек әлемдегі жақсылықтың және әсемдіктің 
санын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет