ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет67/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   382
Байланысты:
Философия

номиналистер
жалпы ұғымдардың нақты болмысын мойындама-
ды. Нақты өмірде тек жекелеген заттар болады, ал жалпы ұғымдар 
(универсалиялар) – заттардаң атауы, біздің аузымыздан шығатын ды-
быстар ғана. Ерте схоластика номинализмінің ірі өкілі, француз фило-
софы және теологы Иоанн Росцеллин (1050-1120 жж. шамасы) болды. 
Ансельм Кентерберийскийдің және басқа схоластардың оған қарсы 
шығуы номинализм мен реализм төңірегіндегі айтыс-тартыстың ұзақ 
жылдарға созылуына себеп болды.
Реалистер
жалпы ұғымдардың заттарға дейінгі нақты өмір сүруін 
және олардың адам санасына тәуелсіз екенін мойындаған-ды. XI 
ғасырда «шектен шыққан» деп аталатын реализм дами бастады. Ол 
И.Росцеллиннің номинализміне ғана қарсылас ретінде пайда болған 
жоқ, бәрінен бұрын ол «алғашқы субстанция» сияқты универсалия-
лар заттарда олардың мәні ретінде болады деп сендіретін, Шамподан 
шыққан шәкірті Гильомның (1070-1121) қағидасына да қарсы шықты. 
Философ және математик Аделард Батский (1080-1150) өз ілімін но-
минализммен күрес және реализм идеялары аясында дамытты. Бірақ 
шіркеу үшін ең орнықты және қабылдауға тұрарлық деп, Альберт 
Великийдің және оның шәкірті Фома Аквинскийдің реализмін айтуға 
болады.
концептуализм
(concept – лат. – ұғым) жалпы ұғымдар нақты 
өмір сүре алмағанмен, олар тек атаулар ғана емес, заттардың жал-
пы нақты қасиеттерін білдіреді деп санай отырып, жоғарыда аталған 
бағыттардың біржақтылығын жоюға әрекет етеді. Концептуализмнің 


79
теориялық негіздемесі француз философы, теолог және ақын Пьер 
Абелярдың (1079-1142) «Диалектикасында» көрініс тапқан.
Алайда схоластиканың жарқын өкілдерінің бірі, католик шіркеуі 
1323 ж. әулиелер санатына қосқан және 
«періште дәрігер»
атанған 
Фома аквинский
(1225-1274) болып табылады. Ол Ортағасыр 
танымының жалпылама қағидасын әзірледі. Ойшылдың негізгі ең-
бегі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет