ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


тым , мүлдем бос қалған, салқынқандылық,  қарапайымдылық, қарсылық көрсетпеу, ештеңе істемеу және басқа да  емес



Pdf көрінісі
бет111/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   382
Байланысты:
Философия

тым
, мүлдем бос қалған, салқынқандылық, 
қарапайымдылық, қарсылық көрсетпеу, ештеңе істемеу және басқа да 
емес
және 
жоқ
дегендердің ауласына шығады; ал енді ницшелік «ғажап 
адам» терезесінен барлық өмір жолдары үшін құлаш жетпес кеңістік 
ашылады және егер көз жұмып, осы кеңістікке қойып кетсе, біреу 
шұңқырға құлайды немесе батпаққа, я болмаса, көркем суреттегідей 
әдемі, бірақ үмітсіз тұңғиыққа батады, бұндай бағыттар ешкім үшін 
де сөзсіз қажеттілік емес қой және әркім де ана тұрған сенімді және 
тамаша, мәңгі күн сәулелері түсіп тұрған, жерден тым биік шыңдар 
алыстан-ақ тұман арасынан жарқырап көрінетін тау жолын таңдауға 
ерікті емес пе» (Вл.Соловьев. Идея «сверхчеловека». Смысл любви. / 
Таңдамалы шығармалары. – М.; 1991. – 284-285-беттер).
Сөйтіп, барлығы да бір немесе басқа ғалымның неге және кімге 
бағыт ұстайтынына байланысты. Бірақ ол кезде тарихи шарттар, сая-
си ахуал, әлеуметтік өзгерістердің өз талаптарын қоятынын естен 
шығармаған абзал.
Бүгінгі күні, мысалы, түбегейлі өзгерістер кезеңінде бұл пұт
негізінен, әлеуметтік ғылымдардан көрінеді. Біреулер көз алдымыз-
да өзгеріп жатқан әлемге бұрынғыша «өз үңгірі тұрғысынан қарайды 
және оны өз мәдениетін сақтау қажеттігімен түсіндіреді, ал екіншілер 
өзіндегінің барлығын мешеу қалған деп санай отырып, дүниеге, мы-
салы, американдық немесе басқа бір үңгір терезесінен қарауға тыры-
сады». Әңгіме өзге халықтардың тәжірибелерін шығармашылықпен 
үйрену және оларды Отан топырағына ептілікпен себе қою туралы бо-
лып отыр емес пе. 
Үшінші елес – 
базар пұттары
(лат. – idola fori). Олар, негізінен, 
адамдар көп жиналатын орындарда пайда болады, ол кездерде жаңа бір 
нәрсені талқылау, ақпаратты тарату көбінесе базарларда іске асырыла-
тын. Олардың бастауы – бір немесе басқа нәрсені және соны білдіретін 
сөздерді теңдестіріп, бірдей ету. Ал іс жүзінде, Ф.Бэконның сендіруі 
бойынша, көпшілік жағдайларда сөз заттың өзін емес, онда адам үшін 
ненің маңызы бар екенін білдіреді. Ал егер біз сөз бен затты толық 


126
теңдестіріп, яғни бірдей ететін болсақ, онда «жалған данагөйлік» жо-
лына түсіп кетеміз. Бұл пікірлер, шамасы, сол кездегі схоластикаға 
қарсы бағытталса керек.
Бүгінгі күні бұл пұт бұқаралық ақпарат құралдарында, әсіресе 
қоғамдық пікірге қарсы айла-шарғы ұйымдастыратын «сары басылым» 
деп аталатын ақпарат құралдарында ұя салды. Мысалы, бізде демокра-
тия жоқ, ал бір жерде «нағыз демократия» бар дегенге сендіруге әрекет 
жасалады. Ал іс жүзінде еш жерде де «нағыз демократия» жоқ, бұл 
бар-жоғы – әртүрлі халықтар өз жолдарымен жеткісі келетін мақсат-
мұрат қана.
Төртінші елес – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет