ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет113/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   382
Байланысты:
Философия

құмырсқаларға
(сол замандағы алхимиктер) немесе өзінің өрмектерін 
өзінен құратын 
өрмекшіге
(сол кездегі схоластар) ұқсамауға тиіс. Ол 
әрбір гүлге қона отырып, шырын жинайтын, ал содан кейін оны өңдеп, 
балға айналдыратын 
араға
еліктеуге тиіс.
Ф.Бэкон «жай санап шығу арқылы болатын индукция» деп аталатын 
емес, индукцияның әлдебір жақсырақ түрін ойлап табуға әрекеттенді.
Бір тәмсіл аңыз бар: санақ жүргізумен айналысатын бір шенеунік 
өмір сүріпті. Бір жолы оған бір уэльдік ауылдағы үй иелерінің 
барлығының санағын жүргізу тапсырылыпты. Аты-жөнін сұраған 
алғашқы адам Уильям Уильямс болыпты. Екінші, үшінші, төртінші 
адам да солай болып кете береді. Сонда санақшы өзіне-өзі: «Бұл тым 
қажытатын іс екен. Олардың барлығы да, сірә, Уильям Уильямстер 
болса керек. Барлығын да солай жазайын. Сонда бос боламын», – 
дейді. Бірақ ол қателескен екен: олардың біреуі Джонс Джонсон болып 
шығыпты.
Бұл егер санап шығу арқылы болатын индукцияға тым сөзсіз 
сенетін болсақ, біздің дұрыс емес қорытынды жасауымыз мүмкін 
екенін көрсетеді.
Бірақ біз жалқыдан жалпыға өтудің индуктивтік әдісін Ф.Бэкон 
зерттеп әзірлеген десек, онда онымыз қателік болар еді. Бұл әдістің 
негізін өз заманында ұлы Аристотель салған-ды. Ф.Бэконның ашқан 
жаңалығы не болып шықты, сонда?
Ф.Бэконның айтуынша, қорытындылай келе, бір тұжырымға келетін 
фактілерді ғана зерттеу жеткіліксіз, сонымен қатар солармен қарама-
қайшылыққа келетін басқа бір фактілердің себептерін де анықтауымыз 
керек. Ол жалқылықтан жалпыға өту барысында үш кесте жасауды 
ұсынады: 
1. Tabula presentiae – тәжірибе жасауда зерттелетін фактілердің 
қатысу кестесі.
2. Tabula absentiae – фактілердің болмауы кестесі.
3. Tabula graduaie – зерттелетін фактілердің көріну қарқындылығы 
дәрежесінің кестесі.
Бұл кестелер толтырылған кезде, тәжірибе өткізу барысында солар-
ды салыстыру арқылы түсініктерді тұжырымдауға болады.
Сөйтіп, Ф.Бэконның философиясында өзара үзілместей байланысқан 
үш ереже бар, олар: 
индукция, формалар туралы ілім және өнертабыс 
туралы ілім.


128
Индукция – ол формаларды танудағы басшылық; формалар тура-
лы ілім – таным үдерісінің нәтижесі; өнертабыс – формаларды танып 
білуге негізделген ғылымның мақсаты және іс жүзіндегі қолданылуы.
Осының барлығы Ф.Бэконды жаңаеуропалық философиядағы 
тәжірибелік-индуктивтік білім алудың негізін салушы деп санауға 
негіз береді.
Ғылыми зерттеме мәселелерінің шешімін іздеуде Бэконнан 
айырмашылығы бар басқа жолмен кеткен француздардың ұлы ойшы-
лы, философ, ғалым, математик, физик, физиолог, психолог, қазіргі 
заман философиясының негізін салушы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет