139
Г.Лейбництің ойы бойынша, бір түпнегізден қайталанбайтын
заттардың шексіз көп саны пайда бола алмайды. Демек, сапалы,
көпқырлы түпнегіз табу керек.
болмыстың терең
негіздемелерінің
өздері
көпсапалы
болып шығуға тиіс. Сол себепті әлемнің
негіздемесінде әртүрлі сапалардағы түпнегіздердің шексіз көп саны
болуға тиіс. Өйткені әлем – ол бейберекеттік емес, бұл түпнегіздер де
белгілі бір тәртіпке келтірілуге тиіс. Осындай ой желісі Г.Лейбницті
өте ұсақ, өзіндік жеткілікті, ішкі күштерге толы монадаларды –
жалғыздарды
(грекше monos – жалғыз) мойындауға келтірді.
Монадалардың өте ұсақ дене бөлшектері емес екенін айтқан жөн,
әйтпесе олар Демокриттің атомдарына ұқсап кетер еді. Олар кеңістікте
ешқандай орын алмайды. Монадалар әрекет етеді, яғни олар көреді не-
месе қабылдайды, екіншіден, мақсаты бар.
Олар –
рухы мен жаны бар, тәнсіз құрылымдар,
сапалы нүктелер,
әрқайсысы өзінше даму сатысында тұр. Олардың ортақтығы – олардың
мәңгілігі және бөлінбестігі. Шамасы, монадалар идеясы ойшылдың ба-
сына ол Левенгук микроскопы арқылы микроорганизмдерді көргенде
сезінген әсерінен кейін келген-ау.
Монадалардың тіршілік күші мол, олар өне бойы өзгерісте болады,
жетіледі және осы жолда олар материалдық физикалық үдерістерді
туғызып жатады.
Әрбір жеке монада – өзінше құпия Ғалам. Оларда терезе жоқ, сол
себепті олардың әлеміне ештеңе кіре де, шыға да алмайды, демек, олар
бір-біріне ықпал ете алмайды. Олардың әрқайсысы өздігінен жетілген
және өз-өзін шектейді.
Ал енді осы жерде өзгеше қиын сұрақ туады: егер монадалар бір-
бірлеріне ықпал етпесе, онда неге Әлем бейберекеттікке (хаос) ай-
налып кетпейді? Себебі, монадалар
Достарыңызбен бөлісу: