сёрен кьёркегорды (1813-1855) да замандастары «Анти-Гегель» деп
атап кеткен. Оған қоса, замандастары оған «уайымшыл дат» деген
лақап ат берген.
Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы –
өлім және күйзеліс. Ол ажалмен бетпе-бет келген, сылбыр да азапты өлім халінде жатқан
адамның ішкі терең әлемін зерттейді.
Әрине, өлім мен күйзеліс тақырыбы XIX ғасыр философиясында
басталған жоқ, ол да, өмір тақырыбы сияқты, –
мәңгі . Бірақ дат ойшы-
лы оған ерекше үндестілік және айқындық береді. Оның аты шыққан
еңбегінің атауы да өзгеше – «Үрей және қалтырау» (1843).
Кьёркегор Гегельдің жайбарақат «объективизмін», шешімдері
түсіндірілуі мүлдем басқа тәсілді және тілді қажет ететін ғылымилығын
қабылдай алмады. Ол үшін, мысалы, Гегельдің дінді де ұтымды ету-
ге тырысқан әрекеті көңілге қонымсыз. Оның ойынша, Құдай
ойдың нысана-тақырыбы емес, – күйзеліс тақырыбы. Басынан-ақ Кьёркегор болмысты жүйенің «қалыбына»
1
сыйдыруға
болмайды деп санап (өйткені ол өне бойы өзгерісте болады), қандай
да бір философиялық жүйелер құрудан бас тартады. Соған байланыс-
ты ол, бәрінен бұрын, Гегельдің болмыс пен ойлауды теңдестіруі
қағидасын сынға алады, өйткені, оның ойынша, адамның
рухы – ол
жай ғана ұтымды ойлауға қарағанда,
әлдебір үлкен бірдеңе. 1
Бұл жерде: «прокрустово ложе» – бір патшаның екі төсек жасатып, кішісіне жатқандардың
төсекке сыймаған дене мүшелерін шапқызып, ал үлкен төсектегілердің аяқ-қолдарын
созғызып, қалыпқа салғандай жасағаны туралы айтылады. Жалпы, «барлығын теңдей ету-
ге тырысу» дегенді білдіреді.
227
Кьёркегор Гегельдің объективті диалектикасына өзінің тұжы-
рымын, яғни
адамның өмір сүруінің субъективтік диалектика