234
–
біріншісі
– жарқын, көтеріңкі романтизм;
–
екіншісі
– позивитизмге өту,
қатаң ғылымды және оның
әдістерін дәріптеу;
–
үшіншісі
– шын мәнінде ницшелік – «мәңгілік қайта оралу»,
«билеуге ерік» және «өзін бәрінен жоғары қоятын адам» идеяларымен
қоса алғанда.
Оның ерте байқалған мүдделерінің қақ ортасында грек және неміс
әдебиеті тұрды, оның өзі де поэзия және музыкамен айналысып, ол са-
лаларда тәп-тәуір жетістіктерге қол жеткізе алды.
Грек өркениетіне жасаған терең талдауын ол сол замандағы неміс
қоғамына да қолдануға әрекет етті. Ницшенің ойынша, грек мәдениеті
оған екі
үрдіс
келіп қосылғанда ғана өз биігіне көтеріле алды. Олардың
біреуін, ойшылдың пікірінше, шарап пен көңіл көтеру құдайы –
Дионис
білдірген. Онда ырықсыз сезім, құмарлық, табиғаттың жабайы
күштері басым. Осы үрдіс көбірек орын алған жердегі адамдардың
бойынан айтыс-тартыспен жеңіске
жетуге деген шексіз ынтықтық,
мистикалық ашу-ыза, тіпті кек көбірек байқалады. Екінші үрдістің
орын алуына өнер мен ғылым құдайы –
аполлон
еңбек сіңірді. Апол-
лон рухы билік еткен жерде адамның: өз-өзін билеуі, барлық нәрседе
бірқалыптылық пен алаңсыздық таныту сияқты қасиеттері алға тарты-
лады.
Ницшенің пікірінше, бастамасында ертедегі гректердің өміріне
дионистік қасиеттер тән болды, бірақ сәтті араластыру кезеңінен кейін
аполлондық қасиеттер басымдық алды. Грекияның ұлылығын құраған
екі үрдістің сәтті қосылуы ұзаққа бармады. Нәтижесінде, дионистік
қасиеттер
аяққа тапталып,
«шамадан тыс ештеңе емес»
доктри-
насы билік алды. Ал бұл Батыс өркениетінің жетекші уәжі –
көнбіс
орташалықтың
, яғни ортадан аспаудың кіріспесіне айналды. Ал
себеп – христиандықтың пайда болуы және таралуы.
Сөйтіп, ницшелік талдаудан Грекияның жоғары мәдениетіне ауру-
сырқау діңкелеткен, құмарлыққа, дараланып көрінуге зәру Еуропаның,
атап айтқанда, XIX ғасырдағы Германияның қарама-қайшы екені келіп
шықты. Оған (жоғарғы мәдениетке) жету үшін, алдымен Батысты
жайлаған христиандық мораль саналылығының дәстүрлі үстемдігін
жеңу керек.
Өмір сүру, Ницшенің сөзімен айтқанда, – күрес. Бұл тезиске
сөзсіз ықпал еткен: «Табиғат күштілердің тірі қалып, әлсіздердің көзі
жойылғанын құптайды», – дейтін Дарвин тұжырымдамасы болды.
235
Егер Шопенгауэр философияға «Әлемдік ерік»
санатын енгізсе,
ал Ницше оған әлеуметтік-этикалық мағына беріп,
Достарыңызбен бөлісу: