ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет206/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   382
Байланысты:
Философия

-
тысына
кез болады.
Бұл сатыда ол 
ізгілік
жолына түсуге әрекет жасайды. Егер 
эстетикалық кезеңде адам сезімдік ләззаттар алуға ұмтылса, енді 
этикалық сатыда оның қоғам алдындағы борышын өтегісі келетін 
ниетін көреміз. Бұнда адамның өмір сүруінде маңызды қарама-
қайшылық туады. Егер сезімдер оны бір жаққа – өз-өзін сүюге, ләззат 
алуға тартса, ал этикалық нормалар оның қоғам алдындағы борышын 
өтеуін талап етеді. Моральдық нормалардың талаптарына бағынуға 
тырысып және өзінің сезімдерін тұншықтыра отырып, адам жан-
сыз машинаға ұқсап кетеді. Бұл айтарлықтай күйзелістерге түсіреді, 
өйткені моральдық нормалардың уақыттан тыс талаптарын адамның 
өтпелі сезімдік құштарлықтарына негіздеуге болмайды. Адамгершілік 
тұрғысынан ол өз күшімен жетілген тіршілік иесі бола алмайды. Ав-
густин құсап, Кьёркегор оның себебін адамзаттың бастапқы тегіндегі 
күнәсінен көреді.
Бұл жерде «немесе – немесе» қағидасы жарамайды, өйткені екі 
сатының да үлкен кемшіліктері бар. Сол себепті өмірлік диалекти-
ка тұлғаны: «мынау да емес, анау да емес» дейтіндерді терістеуге 
келтіреді. Сонда адамда енді өмір сүруінің үшінші сатысына өткісі 


229
келетін және соған қатерге толы секіріс жасағысы келетін ниет пайда 
болады. Бұл саты – діни саты.
Соған орай Кьёркегор ғылыми танымның күшіне сеніп, тұлғаның 
ішкі
жан дүниесін
– күйзелістер, рухани 
шарықтау
және 
құлдырау
әлемін ұмытып кеткен замандастарын жазғырады. Дін сатысына 
өтіп қана адам оларды өз өмірінің негізгі мәселесіне айналдыра ала-
ды. Бастапқыдан күнәһар тіршілік иесі ретінде ол өз кінәсін мойын-
дап және Құдаймен байланысқа түсіп қана өз-өзін таба алады. Ал бұл 
күйзелістерді
бастан кешкенде ғана мүмкін болады.
Аталған сатыны көрсету үшін, Кьёркегор Библиядағы Ибраһим 
(Авраам) бейнесіне жүгінеді. Ол Құдайға деген сенімі жолында жал-
ғыз сүйікті ұлын да құрбандыққа шалуға әзір-тін. Ойшыл адамның 
өмір сүруінің этикалық және діни сатылары арасында пайда бола-
тын қарама-қайшылықтарға егжей-тегжейлі талдау жасайды. Шын 
мәнінде, этикалық көзқарас тұрғысынан алғанда, Ибраһимның іс-
әрекеті адамға жат және қылмыстық әрекет болып табылады. Бұдан 
Сократ пен Ибраһим арасындағы шексіз алшақтықты көреміз. Сок-
рат моральдық борышы жолында өз өмірін қиса, ол кезде Ибраһим 
Құдай еркін орындау үшін жалғыз ұлын бауыздап, жауапкершілік 
жүгін және күнәсін өзі арқалауға әзір. Осындай ерекше күшті қарама-
қайшылықтар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет