ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет207/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   382
адамның өмір сүруіне
деген 
тосын пікірлерді
(пара-
докс) туғызады.
Сөйтіп, «парадокс» түсінігі Кьёркегор философиясының өзегіне 
айналады. 
парадокс
– адамның өмір сүруінің қайшылықтарынан 
келіп шығатын 
күйзелістер
. Егер эстетикалық өмір салтының негізгі 
қағидасы – 
ләззат
, этикалық өмір салтында басты ұстаным – 
борыш
болса, ал діни өмір салтындағы негізгісі – 
күйзеліс
. Адам – күйзелу 
үшін жаралған тіршілік иесі. Өмір күйзелістерге толы. Өмір сүру – 
өмірді күйзеліспен, зардап шегумен өткізу деген сөз. Бірақ бұл мәселе, 
белгілі болғандай, философияның бүкіл тарихын тізіп өтеді. Сон-
да Кьёркегор қойған сұрақ несімен ерекше? Оның ойынша, 
күйзеліс
адамның өмір сүруі барысындағы қиындықтардан ғана шықпайды – 
ол 
керек
және 
қалаулы
. Егер біз күйзелістің бар екенін ғана мойын-
дап қоймай, сонымен бірге оны 
сүйетін
болсақ, онда бақытсыздықтан 
құтылып, тіпті бақытты күй кешуден де асып кетеміз. Олай бол-
са, адам өз өмірін жеңілдетуге, күйзелістерден қашуға ұмтылмай
керісінше, қиындықтарды 
көбейте
түсіп, 
соларды аңсап
тұруға тиіс. 
Сонда ғана бақытсыздық пен бақыт арасындағы қайшылықтарды 
жеңуге болады. Ойшыл осының бәрін де өзінің ащы тағдырында басы-
нан өткергендіктен, растай алады.


230
Кьёркегордың бұл идеяларының бұл дүниедегі барлық бақытсыз-
дықтар, азап-күйзелістер мен әділетсіздіктер адамның бастапқыда 
Құдай көрсеткен жолдан ауытқуына байланысты болады деп санай-
тын христиан дінінің қағидаларына қарама-қайшылығы айқын сезілді. 
Құдай үйлесімді, ғажап және мүлтіксіз жетілген әлемді құрды. Ал 
Кьёркегор бойынша, әлем жамандық пен азаптарға, күйзелістерге 
толы. Алайда адам Құдайды сынаудан аулақ болуға тиіс. Құдайға 
деген сенім күмәндануды қажет етпейді. Сенім – парадокс. Бұл 
адамның жеке таңдауы, ерік шешімі, секіріс, ғажаптық, сандырақ. 
Шығармашылығында ойшыл Тертуллианның ізімен жүреді: «Credo 
quia absurdum est» («Сандырақ болғасын сенемін»). Үйлену тойы 
қарсаңында сүйікті қалыңдығы Регина Ольсеннен бас тартқан ол азап-
күйзелістерге толы бар өмірін өз ұстанымдарын іске асыруға арнады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет