ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет210/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   382
Байланысты:
Философия

анри бергсон
(1859-1941) 
«шығармашылық даму»
бағытын құрды.
Оның көзқарасы бойынша, бастапқы терең болмысты бүтін, 
толыққанды өмір ретінде елестетуге болады. Материя мен рухқа кел-
сек, олар бұл өмірдің қалдық көріністері болып табылады. Өмір – ол 
«өмірлік құштарлық»
(фр. – Elan vital), үздіксіз шығармашылық 
қалыптасу. Материя болмыстың әлдебір жанама бастауы болғандықтан, 
демек, ол қарсылық көрсетеді, сөйткенмен өмірге бағынады. Осыдан 
келіп қиындық, Табиғат эволюциясы (дамуы) басталады. Олай болса, 
әлем – өмірдің жаңа формаларының біртұтас, ешқашанда тоқтамайтын 
шығармашылығы, тіршілік қарекеті.
адамды
ойшыл өзінің ой өресі, пайымы көмегімен қоршаған ортаға 
бейімделген тіршілік иесі санайды. Ой өресі – адамның ақылмен ойла-
уы, нақ сол арқылы ол қоршаған әлем құбылысын таниды. Жараты-
лыстануда біз адамның ой өресінің, пайымының жоғарғы деңгейін 
көреміз. Ой өресі, ақыл тұтас әлемді заттарға, соңғыларды элемент-
терге ажыратып бөледі, содан кейін әлемнің жасанды бейнесін құра 
отырып, оларды қайтадан жинайды. Ой өресі айқын белгіленген 
нәтижелерге қол жеткізу мақсатында адамның материалдық қызметін 
ұйымдастыру қызметі ретінде пайда болады. Бұл жерде Бергсонның: 
«Ой өресі заттардың терең мәнін аша алмайды,
тек олардың арасын-
да пайда болатын байланыстар мен қатынастарды ғана көрсетеді», – 
деген пікіріне ерекше назар аударған жөн. Ой өресінің қызметі – жан-
сыз материяны құрамдас элементтерге ажыратып бөлу және оларды 
басқадай формада қайтадан жинастыру. Егер олай болса, онда ой өресі 
заттардың сыртқы қабығын ғана игереді екен ғой. Ол кинематографқа 
ұқсайды. Әр кадрда – заттың статикалық (орнықты) бейнесі. Алай-
да олар жүйелі түрде белгілі бір жылдамдықпен айналдырылса, 
қозғалатын заттың бейнесі жасалады. Сол сияқты, ақыл-ой да бізге 
бір-біріне ұқсас, өне бойы қайталана беретін нәрселерді көрсетеді. Ал 
өмірдің өзегін, осы дүниеге бір-ақ рет келетінді ақыл-ес ұстап қала ал-
майды.
Алайда адам танымының тағы бір құралы бар, ол – 
түйсік
. Бұл – 
заттардың терең мәніне сезіммен ену, ой өресі таба алмайтын олардың 
өміршеңдігін табу. Түйсік – рухтың бастапқы негізі, демек, өмірдің өзі. 
Бергсонның ойынша, тарихи-танымдық көзқарас тұрғысынан бастапқы 


233
түйсік – ырықсыз сезім мен ақыл-еске бөлінген. Сол бойда ырықсыз 
сезім өзінің саналы сезімінен айырылса, ал ақыл-ес заттардың ішкі 
мәнін ажырата білу қабілетінен айырылған.
Адамның түйсігі ақыл-еске бағынады. Алайда кейбір шектес 
жағдайларда, мысалы, адам өміріне қауіп төнген немесе өмірінде аса 
маңызды, тағдыршешті оқиғалар орын алған кезде, түйсік ақыл-ес 
бұғауынан босанып, адамға нақты шындықты көрсетеді және оның 
Ғарыштағы орны мен тағдырын айқындауға көмектеседі.
Адам – ізденіспен, шығармашылықпен жүретін тіршілік иесі, 
өйткені «өмірге құлшыныс» оның жүрегі арқылы өтеді. Бірақ өмірге 
терең бойлау түйсігі – адамдардың басым көпшілігіне берілмеген 
қасиет.
Бергсонның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет