ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


ғылым бастаулары антика дәуірінде философия аясында



Pdf көрінісі
бет22/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   382
ғылым бастаулары антика дәуірінде философия аясында 
пайда болған. Бұл тұжырымды қабылдауға болады. Бірақ ғылымның 
дүниеге келген орны – 
антикалық грекия
(б.з.д. V ғасыр) деп жүрген 
пікірмен келісуге бола ма? Ал сонда Ежелгі Шығыс қайда?
Шығыста ғылымның алды ғана болған дейтін еуропалық және 
ресейлік бірқатар ғалымдардың пікірлерімен келісуге бола қояр 
ма екен, сірә? Осы жорамалды жақтаушылар қандай дәлелдер 
келтірсе де, бір нәрсе анық: бұл қалай болғанда да, еуроцентризм-
ге, Шығыс халықтарының жалпыадамзаттық өркениет дамуына 
қосқан үлесін кемсітуге әкеп соқтырады. Ал бұл – маңызды мәселе. 
Олжас Сүлейменовтің таныс сөздерін басқашалап айтқанда, «тау-
ды асқақтатамыз деп, даланы аласартуға болмайды». Сондықтан 
ғылымның шығу тегіне мейлінше егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, ол 
мәселеге келесі параграфты арнағанымыз дұрыс болар.
1.2. ежелгі Шығыста ғылым бастауларының пайда 
болуының алғышарттары туралы
Ең бір ежелгі өркениеттердің Шығыста (Месопотамия, Қытай, 
Үндістан, Парсы елдері, Мысыр және т.б.) пайда болғаны белгілі. 
Әдебиетте қоғам өмірінің көпшілік салаларында, атап айтқанда, жер 
өңдеу, кәсіппен айналысу, сауда-саттық, қару жасау және басқа сала-
ларда б.з.д. V ғасырдағы Шығыс елдерінің басым рөлі мойындалады. 
Солай болса да, ғылымның шығу тегіне қатысты көптеген авторлар 
ғылымның пайда болуын ертедегі грек мәдениетімен байланыстыра 
келе, бұл жерде ғылымның жоқтығын айтады (қараңыз: Философия на-
уки. Академический проект. – М.: 2006. – 37-38-беттер).
Бізге ондай көзқарас негізсіз болып көрінеді. Кез келген танымдық 
белсенділіктің (оның ішінде ғылымның да) тереңде жатқан тамыр-
лары тәжірибеден, қоғам алдында үздіксіз туып отыратын 
нақты 
өмірлік
мәселелерді шешу қажеттігінен бастау алады емес пе. Үлкен 
өзендердің жайылуы және кең алқаптарды су басып жататыны адам-
дарды бөгеттер салуға мәжбүрледі, ал бұл, өз кезегінде, жердің үстіңгі 
бетін, оның өлшемдерін мұқият зерттеуді талап етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет