ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


білімнің ерекше формасы; ә) шындыққа қол  жеткізуге бағытталған рухани  қызмет



Pdf көрінісі
бет19/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   382
білімнің
ерекше формасы; ә) шындыққа қол 
жеткізуге бағытталған рухани 
қызмет
және, ақыр соңында, б) күрделі 
ұйымдастырылған 
әлеуметтік институт
болып табылады.


екінші бөлім
ғылым мен ФилОсОФиЯның 
таРиХы


28
1-тарау. антика ДәуіРінДе ғылым 
бастаулаРының паЙДа бОлуы 
1.1. ғылымның пайда болуы мәселесі
Ғылымның пайда болуы туралы мәселе өзгеше күрделі. Бүгінгі 
таңда да ол туралы көзқарастар әртүрлі. Негізінен, пікірлер, біріншіден, 
ғылымның пайда болған 
уақыты
мәселесіне, екіншіден, ғылымның 
шыққан 
орнына
, үшіншіден, ғылымның пайда болуын негіздеуге бо-
латын 
белгілерге
қатысты өрбиді.
Әдебиетте ғылымның пайда болған уақыты туралы бірқатар 
көзқарастар бар. Оның үстіне, ең негізгі ұстаным – ғылымның алғаш-
қы бұлақтары, – адамның 
еңбек құралын дайындауды
бастағанын 
жан-жануарлар әлемінен бөліп көрсету шамасына қарай, – сол ең бір 
алыс замандардан (1,5-2 млн. жылдар бұрын) бастау алады деген 
тұжырым болып табылады. Бірақ бұндай жорамалдың мүлдем 
ақылға қонымсыздығы көзге ұрып тұр: ол, шамасы, адамның шығу 
тегі туралы энгельстік еңбек теориясының әсерінен пайда болған. 
Зинджантроптың немесе неандерталдықтың көзінен ақыл-парасаттың 
ұшқыны көрінетінін жорамалдау үшін, ерекше қиялшыл болу керек 
шығар.
Көпшілік ғалымдар ғылым – ол қазіргі заманғы адамзат дамуының 
өркениетті кезеңінің жемісі деген ойға ден қояды. Б.з.д. VI-V ғғ. адам-
зат тарихында күрт өзгерістер орын алғаны белгілі. Шығыста да, 
Батыста да, «адамзаттың ұлы әкелері»: Лао-Цзы мен Кон-Фу-Цзы 
Қытайда, Махавира мен Гаутама Сидхартха (Бұдда деп аталып кет-
кен) Үндістанда, Зороастр (Зәрдүшт) Парсыда, Сократ, Фалес, Солон 
және басқалары Грекияда, Иса, Илья, Иеремия Палестинада дүниеге 
келіп, таңғажайыптарды іске асырып жатты. Дүниенің мифологиялық 
түсінігіне қанағаттанбаған олар дүниенің жаратылысы және адамның 
қалай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет