ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


-тарау. әлемнің ғылыми беЙнесі ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет316/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   382
Байланысты:
Философия

4-тарау. әлемнің ғылыми беЙнесі ФилОсОФиЯсы
4.1. әлемнің табиғи бейнесі: 
оның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері
Енді әлемнің ғылыми бейнесінің қалыптасуын оның ары қарай да-
муы бойынша қарастырамыз, ал ол үшін алдында 
айтқандарымызға 
тағы бір рет қайта ораламыз.
Бірақ алдымен жалпы көзқарастарды 
қарап алайық. Біз әлемде санына есеп жетпейтін заттар бар екенін 
жақсы білеміз. Олар өз-өздерімен, біздің оларды түйсінетін-
түйсінбейтінімізге байланыссыз өмір сүре береді. Екінші жағынан, 
біз әлемде: адам рухының, санасының, жарық және бұлыңғыр 
сезімдерінің, оның Ғалам және өзі және тағы басқалар туралы ой-
толғаныстары, яғни біз адамның ішкі әлемі, жан дүниесі дейтіннің 
болатынын көрсетеміз. Өзінің санасының көмегімен адам Табиғаттың 
құпияларын танып білуге, заттардың мәніне енуге қабілетті.
Философия мен ғылым тарихында осының барлығы 
дуализмнің, 
екі шындық туралы ілімнің 
пайда болуына келтірді. Қазіргі заманғы 
ғылым әлемнің осы екі шындығын біріктіретін бастапқы құрылымын 
іздеуге жеткізе отырып, материя мен рухты бір-біріне қарсы қоюдан 
бас тартты.
Бүгінгі күні біз нақты өмірде үш: жұлдыздар мен галактика 
әлемінің 
(мегаәлем)
, ортасында біз өмір сүріп жатқан заттар әлемінің 
(макроәлем)
және адам көзіне көрінбейтін қарапайым бөлшектердің, 
біз 
микроәлем
деп атайтын әлемдер қабаттарының бар екенін жақсы 
білеміз. Нақтылықтың осы қабаттарын және олардың өзара байланыс-
тарын зерттей отырып, ғылым 
әлемнің ғылыми бейнесін 
жасайды.
Қарапайым адамдардың әлемді түсінуі алуан түрлі мифтік-діни, 
философиялық көзқарастардан өрілген, онда күнделікті үйреншікті 
сана үлкен рөл атқарады. Әлемнің ғылыми бейнесіне келсек, ол ғылыми 
әдістемеге негізделген және әлемнің жалпыға бірдей байланыстары 
мен қатынастарын айқындау арқылы қалыптасады. Соның көмегімен 
адам әлемді тануда өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырады, сонымен 
қатар өзін қоршаған дүниені өзгертіп, түрлендіретін әртүрлі техноло-
гияларды жасайды.
Қазіргі заман ғылымы қанша дамыған болса да, бүгінгі таңда 
адамдардың талап-тілектерін толық қанағаттандыра алатын 
әлемнің 
тұтас жүйелі, жан-жақты үлгісі жоқ
. Ғылымның әрбір саласы 
әлемді өзінің қалай түсінетініне қарай өз қорытындыларын жасауға, сол 


359
түсінігін негіздеуге тырысады. Бірақ егер ғылымның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет