ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет33/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   382
Дұрыс күш салу
, яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеуі және өз-өзін 
ұстауы.
7. 
Дұрыс көңіл бөлу (түсіну)
, демек, сананың белсенді қырағы-
лығы.
8. 
Ойды дұрыс жинақтау
, яғни медитацияның дұрыс әдістері.
Бұддашылық сегізінші тармаққа ерекше назар аударады: меди-
тация адамды толық тыныштық жағдайына, яғни ол 
нирвананың
(жұмақтың) «тынық тұңғиығына» батқан кезде, оған ешқандай «заң 
жүрмейтін» күйге жеткізетіндей болуға тиіс. Әлбетте, оны тақуа-
монахтар ғана орындай алады Ал жай адамдар туралы айтсақ, олар 
үшін 
«панча Шила»
(«Бес Өсиет») қағидаларының ізімен жүру 
жеткілікті. Олар:
1. Адам өлтіруші болма.
2. Ұрлық істеуден тартын.
3. Теріс жолға түсуден сақтан.
4. Өтірік айтпа.
5. Елірткіш сусындардан бойыңды аулақ ұста.
Бұддашылықты зерттеушілер арасындағы беделділердің бірі Клайв 
Эррикер осыған орай: «Бұл жерде барлық осы санаттардың бір-бірімен 
тығыз байланыстылығын түсіну өте маңызды. Сегіздік жолды кейде 
адамдар сегіз басқыштан тұратын баспалдақпен теңестіреді де, адам 
басқыштан-басқышқа көтеріле отырып дамитындай әсер қалдырады. 
Бұл – жаңсақтық. Бұдда іс жүзінде бұл санаттардың әрқайсысын 
(ғылыми көзқарастардың әрқайсысын да) басқалармен бірлікте 
меңгергенде ғана жетістікке жетуге болатынын атап көрсет-кен», – деп 
жазды (Эррикер К. Буддизм. – М., 1986. – 97-бет).
б) 
материалистік үрдістер.
Үндістандағыдай, Қытайда да, рас, бұл қоғамдарда терең тамыр 
жаймаған материалдық үрдістер болған. Еске түсірсек, кейбір қытай 
философтарының ойынша, әлемнің негізінде өте ұсақ «ци» бөлшектері 
жатыр, олар бір-біріне тізбектеліп, табиғат денесін құрайды. «Егер рух 
жоқ болса, онда неге Құдайға жалбарынғаннан кейін жаңбыр жауа-
ды?» – деген сұраққа олар: «Жаңбыр бұған дейін де болған, одан кейін 
де бола береді», – деп жауап берген.


41
Үндістанда әлем: жер, су, ауа, от және кеңістік деген бес тұрақты-
лықтан тұрады деп есептеледі. Мағынасы жағынан қытайдың «циіне» 
жақын 
«пракрити»
осы жерде пайда болған. Оның үш қасиеті (гуна) 
бар:
1. Саттва адамға білім мен бақыт әкеледі.
2. Раджас – ол адамды әрекет етуге итермелейтін құмарлық.
3. Тамас жалқаулықты, енжарлық пен ұйқыны қоздырады.
Материалистердің өмірлік бағдары өмірден тәндік-сезімдік ләззат 
алуға саяды. «Чарвак-материалистер» дегендер: «Осы өмірдегі бақытқа 
ұмтылатын боламыз! Бұл дүниеде ажалсыздық, мәңгі өмір сүру 
жоқ – өлгеннен кейін кез келген адам күлге айналады. Сонда ол бұл 
өмірге қалай қайтіп оралады?» – дейді. Солай ойлаудың нәтижесі 
олардың «басқа дүниені» қабылдамауына, осы өмірдің рақатын көруге 
шақыруына жеткізді: «Осы өмірде көңіл көтер және шарап іш! Ертең-
ақ күлге айналасың және бұл өмірге қайтып оралмайсың».
Үнділердің материалистік философиясында бұл әлемнің екі баста-
уын (дуализм) мойындайтын ағымдар болған. Олардың бірі – пракрити 
(материя), ал екіншісі – пуруша (жан). Екеуі де әуелден-ақ бастапқысыз 
және шексіз деректермен танылған.
Аталған ағымдардың жұртшылық алдында ерекше үлкен беделі 
болмағанын айтқан жөн. Негізінен, Ертедегі Шығыс философиясы 
идеалистік сипатта болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет