ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


 ғылым бастауларының ежелгі грекияда пайда болуы



Pdf көрінісі
бет34/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   382
Байланысты:
Философия

1.3. ғылым бастауларының ежелгі грекияда пайда болуы
және олардың еуропалық өркениеттің кейінгі
дамуындағы маңызы
Ежелгі өркениет – бұл өндірістің құлиеленушілік тәсіліне 
негізделген ертедегі Грекия және Рим. Жайлы климат, жағалауды 
шайып жатқан жылы теңіздер, тұщы судың молдығы және басқалары 
теңіз сауда-саттығының, балық аулаудың, жер өңдеу мен кәсіптердің 
өркендеуіне, Ертешығыс өркениеттерінің (Мысыр, Парсы елдерінің) 
жетістіктерін қабылдауға себеп болды. Ертедегі гректер 
ой-қиялдары
жетілген, 
бәсекелестікке
бейім, талантты халық болды. Шамасы, 
дәл осындай жағдайларда адамдардың дербес бастаулары қарқынды 
дами бастаған. Олар өздерінің шығармашылық күштерін іске асыруға 
мүмкіндік алды: ғажап мифтер құрды, ақ мәрмәрдан қала-мемлекеттер 
(полистер) салды, демократияны, театрды, олимпиадалық ойындар-
ды, сурет өнерін, фресканы (ғимарат қабырғасындағы суретті) мүсін 


42
өнерін және т.б. ойлап тапты. Солар арқылы еуропалық өркениет пен 
мәдениеттің негізін салды. Қол жеткен ғаламат жетістіктердің бірі – 
енді өзгерген өмірдің талаптарына жауап табуға әрекеттенген фило-
софия болды. Ол, сөз жоқ, ертедегі гректердің бай 
мифологиясы
-
нан
және 
«жеті данышпан»
деп аталатындардың нақылынан бастау 
алады.
Соңғыларға таңылатын саны көп нақылдардың қатарына төмен-
дегілерді жатқызуға болады. «Не қиын?» деген сұраққа Фалес: «Өзіңді 
тану», – деп жауап берді. Ал «Не оңай?» дегенге ол: «Басқаға ақыл 
үйрету», – деген жауап қайтарды. Ал: «Ең жақсы және дұрыс өмірді 
қалай сүруге болады?» – деген сұраққа оның жауабы: «Егер басқаларға 
кінә етіп артатын нәрселерді өзіміз істемесек...» – болған екен.
Хикаялар бойынша Фалес: «Бақытты адам – ол тәні сау, табиғаты 
бай, жаны ізгілікті адам; ата-анаңа қандай жарна салсаң, балаларыңнан 
сондайды өндіріп ал; сырт келбетіңді көрсетіп, мақтан етпе, жақсы 
істеріңмен көрін; арам жолмен байлық жинама; пікірдің ақылға 
қонымдылығын көпсөзділік дәлелдемейді», – дегендерді айтқан.
Әдебиетте Ежелгі Грекиядағы ғылым бастауларының пайда болуы 
б.з.д. VI-V ғасырларға – аталған өркениеттің гүлдене дамуы кезеңіне 
жатқызылады. Сонымен қатар VIII-VI ғасырларда Ежелгі Грекия сол 
кездердегі Шығыс елдеріне өте ұқсас болған. Он жерде сондай-ақ 
бай жер иеленушілер өмір сүрген, ал барлық билік аристократияның 
қолына шоғырланған. Ал қарапайым халықты айтсақ, оның халі тым 
мүшкіл еді: көпшіліктері ірі жер иеленушілерге қарыздар болудан 
көз ашпайтын.
Алайда билік басына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет